Мақтаралда инфрақұрылым жаңартылып, іске қосылды

Oinet.kz 07-08-2020 471

ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы: записи сообщества | ВКонтакте

Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен елді мекендерде газ жүйелерінің монтаждау жұмыстары 98 пайызға орындалды. Бүл туралды Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады. Басқарманың мәліметінше, мамандар төтенше жағдай орын алған аймақта екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істеуде.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарының сапалы да барлық талаптарға сай жүргізілуін жүктеді. Сондай-ақ, жаңа ауданда жарықтандыруға күш салуды тапсырды. Шағын ауданда ауыз су, кәріз, электр, газ, байланыс, ағын су желілерін құру және абаттандыру жұмыстары қарқынды.

Ықшам ауданға инженерлік инфрақұрылым жүргізіліліп, Фирдауси, Өргебас, Жеңіс және Жаңатұрмыс елді мекендерінде ауыз су жүйелері қалпына келтіріліп жатыр. Халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 8 шақырымға жуық су жүйелері өткізілген. 24,4 шақырым электр желісі тартылып, 156 жарық шам орнатылған. Электр жүйелерін өткізу жұмыстары 95 пайызы жүзеге асқан. Сондай-ақ, негізгі тас жолдар мен көше жолдарында асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр.



Түлкібаста алма жинау науқаны жүріп жатыр
Провизорлық, инфекциялық төсек орындар екі есеге аазайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу