Сырттан келген азаматтар карантинге оқшауланады
Адамзаттың тыныштығын «ұрлаған» әлемдік пандемия Түркістан облысы Сарыағаш ауданын да айналып өткен жоқ. Қауіпті індетпен күресте аудан әкімдігі ақ халаттылармен бірге жұдырықтай жұмыла кірісіп кетті. Білікті бас дәрігер Бақыт Мырзалиев басқаратын аудандық орталық ауруханасына қарасты 4-санатты жедел медициналық жәрдем бекетінің санитарлық автокөліктерімен аумақтық емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлері ауданның әр бір көшесін жаңғырық дауыста коронавирустық жұқпаның алдын алу шаралары түсіндірді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аурухананың провизорлық госпитальінде, карантидік обсервация, фильтр, емхана, қабылдау бөлімдеріне дезинфекциялық тоннельдер орнатылған.
Келім-кетімі көп, кеден бекеттеріне «бай» тоғыз торапты тоғыстырған ауданда инфекцияның кең таралып кетпеуі үшін аудан әкімдігі мен медицина мамандары бар күш-жігерін салуда. Еліміздің өзге қалаларынан келген, «Жібек жолы», «Қапланбек», «Қазығұрт» кеден бекеттерінен өткен әр бір адамды жедел түрде карантинге жабу қарастырылған. Әрқайсысынан ПТР сынамасы алынып, тексеріп отырады. Сонымен қатар ауданда карантин кезінде кірісі және шығыс тас жолдарында блок посттар қойылып медицина қызметкерлері күдікті науқастарды дер кезінде, шұғыл түрде анықтап оқшаулау жұмыстарын жүргізуде.
Ауданда індеттің алдын алуға және емдеуге барлық жағдай жасалынған деген Бахыт Иябайұлы аурухананың жеке ғимаратындағы жұқпалы аурулар бөлімінде 40 төсек орынға арналған Сарыағаш аудандық провизорлық госпитальі ашылғанын және Қапланбек елді мекенінде орналасқан 50 төсектік Сарыағаш аудандық карантиндік (обсервациялық) госпитальінің 80 төсек орын болып қайта ашылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының бұйрығымен Сарыағаш қаласындағы №12 колледждің жатақханасынан ашылған 100 төсек орындық карантиндік (обсервациялық) стационар жұмыс істеп тұр.