Әкімдер тікелей эфирге шығады

Oinet.kz 24-07-2020 624

Screenshot_3.png

 COVID-19 пандемиясы кезінде халықты ақпараттандыру өте өзекті мәселе. Мұны жуырда мемлекет басшысы да әкімдерге тапсырғаны белгілі. 

Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов (суретте)  «Zoom» бағдарламасы арқылы байланысқа шығып, республикалық БАҚ өкілдеріне облыстағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады. Жалпы Сәкен Қалқаманов наурыз айынан бері 58 рет күнделікті фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, БАҚ өкілдері мен тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап беріп, атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырған екен. Осы үрдіс жалғасын тауып, енді Түркістан облысындағы 16 аудан, қала әкімдері белгіленген кестеге сай күнделікті тұрғындармен тікелей байланысқа шығып, толғандырған сұрақтарға жауап беретін болады.

 Алғаш болып Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов пен Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев тікелей эфирге шығып, пандемияға қарсы күрес және дәрі-дәрмек мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады. Эфир барысында тұрғындар осы кезеңде көрсетілетін көмектер мен алдағы жоспарлар жайлы сұрақтар қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Ал Түркістан облысы бойынша соңғы бір тәулікте коронавирус инфекциясының өсімі төмендеп, 0.8 пайызды құрады. Жалпы, өңірде қазіргі сәтке Covid-19 инфекциясын жұқтырған 2497 жағдай тіркелген. Олардың 1570-де ауру симптомсыз өтуде.

Жұқпалы аурулар бөлімдерінде 440 орынның 60 пайызға жуығы бос.

Қауіпті дертпен күреске облыс бойынша 371 дәрігер, 796 орта және 545 кіші буын медицина қызметкері жұмылдырылған. Медицина қызметкерлері аурумен күресте күні-түні аянбай еңбек етуде.


Мектептерде кезекші сыныптар жұмыс істейді
Сырттан келген азаматтар карантинге оқшауланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу