Басты мақсат - еңбек өнімділігін арттыру

Oinet.kz 15-06-2020 644

image.png

Бүгінде Түркістандағы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында нақты нәтиже беретін үш негізгі бағытқа басымдық беріліп отыр. Ең алдымен, агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды тиімді пайдалану болса, бұл бағытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыра отырып жаңбырлатып суару технологиясы қолға алынған. Нәтижесінде, бұған дейін бос жатқан жерлер іске қосылып, жаңа технологиямен жаңбырлатып суарыла бастапты. Осылайша, су да үнемделіп, есесіне, жүздеген гектар жер жасыл желекке айналған. 

Өңірде бір-екі гектар жерден жылына екі-үш өнім алып отырған диқандар бұл өңірде аз емес. Олардың айтуынша, бір гектар жерден бес-алты миллион теңге пайда табуға болады. Бұл әдіс, біріншіден, артық шығынды қысқартса, екіншіден, жердің құнарлылығын сақтайды. Ал, үшінші бағыт – жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін көптеп өндіруге қол жеткізу. Бұл тәсілді тиімді пайдаланып, жүзеге асырып жатқандар да бар. Барлығы да тиімділігін айтуда.

Айта кету керек, бұл тәсіл – әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан алдыңғы орында тұрған Израильде кеңінен пайдаланылады.


«Aqualand»: Түркістанда Ашық аспан астындағы бассейн салынуда
Түркістанда біртұтас туристік тәжірибе қалыптастырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу