«Теңіз де мен сияқты шаймайтын шығар?!»: Ерке Есмахан концерт кезінде сөзінен шатасқанын мойындады

Oinet.kz 05-11-2024 308

Белгілі әнші Ерке Есмахан жолдасы Raim-ның кешінде сөзінен жаңылысқанын мойындады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Raim-ның концертінде Ерке Есмахан сахнаға шығып, жолдасымен бірге су жаңа әнінің тұсауын кесті. 

"Сен маған ұл сыйласаң... Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын. Бұйырса, тағы да сыйлаймын", – деді Есмахан.

Одан кейін әншінің сөзден шатасқанын көпшілік байқап, ду күлді. 

Сахнада тұрған Raim әзілді іліп әкетті.

Жүрек, үйге барып тамақ істеп қойшы, мен екі сағаттан соң барамын", – деді әнші.

Сахнада тұрып ұялғанын жасырмаған әнші жеке парақшасында бөлісті. 

“Теңіздің өзі мен сияқты шаймайтын шығар?! Не енді мынау?! Үлкен сахнада тұрып, “Ұл мен гүл” деп шатасқаным ұят болды”, – деп жазды Ерке. 

«Соншалықты қымбат емес»: Халық әртісі әріптесі Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын шешіп берді
«Келесі аялдама – Трамп»: Танымал мобилограф Қыран Талапбек футболшы Роналдиньомен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу