«Бұл сорақылықты қоғам білуі керек»: Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсті

Oinet.kz 11-10-2024 655

Белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_10.jpg

Заңгер Ләззат Ахатова композитордың жүрегі сыр бергенін айтты. 

“Әнарудың әкесі Қалдыбек аға жүрек талмасы ұстап, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргенмін, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымкентте емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек", – деді қорғаушы.

Еске салайық, боксшы Жанқош Тұраровтан зорлық-зомбылық көрдім деп шағым түсірген Әнару Құрманәлі сазгер Қалдыбек Құрманәлінің азаматтық некедегі қызы екені мәлім болған еді. 

"Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім. Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім едім”, – деген еді сазгер журналист Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында. 

«Рұқсатсыз саусақ тигізуге болмайды»: Айжан Байзақова оқырмандарына ескерту жасады
«Олармен кездескен емеспін»: Баян Мақсатқызы екі қызының суррогат аналарымен қарым-қатынасын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу