«Рұқсатсыз саусақ тигізуге болмайды»: Айжан Байзақова оқырмандарына ескерту жасады

Oinet.kz 10-10-2024 398

Танымал блогер Айжан Байзақова оқырмандарына үндеу жасап, көшеде танымал адам көріп қалса құшақтамауын өтінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Айжан Байзақова Instagram-дағы парақшасы арқылы оқырмандарымен байланысқа шықты. 

“Мені көріп қалған жағдайда құшақтамаңыздаршы. Өтініп сұраймын. Мен сізді білмеймін. Сосын күні бойы өзімді жаман сезінемін. Ішкі жан дүниеме әсер етеді. Рұқсатсыз басқа адамға саусақ тигізуге де болмайды. Тіпті игі ниетпен құшақтағыңыз келсе де, рұқсатсыз олай жасауға болмайды. Бұл жолды өзім таңдағанымды жақсы білемін. Менімен сөйлесуге болады. Бірақ маған тиіспеңіздерші", – деді Байзақова. 

Сонымен қатар балаларды да бетінен сүйіп құшақтамау керегін ескертті. 

“Одан кейін балаларды да өзі рұқсат етпейінше құшақтап, бетінен сүймеңізші. Тек менің балаларымды ғана емес, барлық баланы құшақтамаңыз. Кейде өз балаларымды құшақтау үшін рұқсат сұраймын. Өйткені олардың да жеке шекарасы сақталуы керек. Рұқсатсыз құшақтау немесе сүю жеке шекараны бұзғанмен бірдей”, – деді блогер. 

Айта кетейік, желі жұлдызы Блогер Айжан Байзақова бала үшін өмір сүрмеуге кеңес берген еді. 

«Медбикелер шай ішіп отыр еді»: Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алды
«Бұл сорақылықты қоғам білуі керек»: Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу