Марқұм Жанар Хамитоваға ұқсайтын әнші: «Тағдырым ұқсамасын»

Oinet.kz 14-07-2023 2229

Ділназ Бердалиева есімді жас әншіні көпшілік Жанар Хамитоваға ұқсатты. Бойжеткен әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі әпкесі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

“Жанар әпкемнің дүниеден озғанына үш жылдан асып кетіпті…Уақыт деген қандай, иә? Біз адам баласы-алдымызда қандай сынақ, қандай қиындық немесе қуаныш пен шаттық күтіп тұрғанын білмейміз. Бір-ақ берілетін өмірді мәнді де сәнді етіп сүруімізді Алла жазсын. Жанар әпкеме сырт келбетім я болмаса даусым, шашым ұқсаса да, тағдырым ұқсамасын”, – деп жазды Ділназ Бердалиева.

Желі қолданушылары да жас әншіге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

“Ешкімге ұқсамайтын дара жолың болсын”, “Өнерің ұқсаса да, өмірің ұқсамасын”, “Иә, сені қатты ұқсаттым”, “Өмірің баянды болсын”, “Ұқсастық бар екен”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KaRa Kyz-DaRa kyZ❤️‍

«Мақпал, Ләйлә, Гүлнұр семья бұзған әйелдер»: Халық әртістерді неге бұлай айыптады?
«Мүшеқап сияқты лақтыра салдық»: Аслан Каженов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу