«Жанат Бақыттың айтқаны келіп жатыр» - Жанар Байсемізова

Oinet.kz 03-07-2023 2599

"Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Жанар Байсемізова әріптесі Жанат Бақытқа қолдау білдірді. Бұл туралы ол Instagram-дағы Stories-де хабарлады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Жанат Бақыттың айтқаны дәл келіп жатыр, өтірік ашылады, әй бірақ ұялмайтындар ұялмайды екен ғой.

Жанатты жерден алып, жерге салды. Осы кезге дейін пікір білдірген жоқпын. Біздің қоғам бірдей ойлағысы келеді. Әр адамның пікірін, жазғанын, ойын құрметтемейді. Шетелдіктер ешқашан өзгенің өзгеше ойы үшін айыптамайды, сөкпейді. Әркімнің өз пікірі, өз шындығы бар. Егер біреудің шындығы сенікімей сәйкес келмей жатса, ол қате деген сөз емес. Біздің қоғамда біздің қоғамша ғана ойлану керек", - деді журналист.

Сондай-ақ, Байсемізова Жанат Бақыттың жасап жүргенін оның хикемті деп хабарлады.

"Бұл Жанаттың жолы.Жанаттың өзіне ашқан хикметі.  Жүрегіне қонған дүние. Неге біз оны келемеждеуіміз керек? Жанатты жеккөріңдер, бірақ мазаққа айналдырмаңдар. Бұл оның өзін тану жолындағы белестер. 5,10 жылдан кейін мүлдем өзгеруі де мүмкін. Өзгеріңдер, адамдар. Өзгеше ойлаңдар. Стандарттан шығыңдар. Ізденіңдер. Оқыңдар", - деп жазды Жанат Байсемізова

«Шектен шықты» - Әлеуметтік желіде мектеп бітіру кешіндегі даулы видео тарады
«Айтпаған, үркітпеген сөзі қалмады»: Ертай Нүсіпжанов Жүрсін Ерманға қатысты былықтарды ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу