«A.Z-мен feat жазатын болсаң, мен сенімен сөйлеспеймін» - Ерке Есмахан Айқынмен арасласпай кетті
Отандық әнші Айқын Төлепберген мен Nonety one тобының экс әншісі A.Z дуэт жазып, жаңа әндерін жарыққа шығарды. Ән "Аспанда. Сұр мұңлы ай" деп аталады. Дегенмен, Айқынның әріптесі Ерке Есмахан өзінің бұрынғы сүйіктісімен дуэт жасағанын құп көрмепті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Негізі ән жазылды. Музыкалық көмекшім Асанәлі екеуміз ақылдасып отырып, рэпер керек дедік. Ақырында A.Z-мен жұмыс істеп көрейік дедік. Сөйтіп Еркеге хабарластық", - деді Айқын Gakku Plus арнасына берген сұхбатында.
Айқын мен A.Z-ді рэпердің бұрынғы сүйіктісі Ерке Есмахан таныстырған. Алайда ән жарыққа шығамын дегенше ғашықтар айырылысып кеткен.
"Ерке: "Өздерің білесіңдер ғой. Бірақ сені таныстырған мен ғой", - деп кішкене ренжіді. Біз сонда да әнді жарыққа шығардық. "A.Z-мен feat жазатын болсаң, мен сенімен сөйлеспеймін. Онымен дуэт жазба", деді. Мен: "Бұл өнер ғой, екеуміз дос емеспіз, тек өнер үшін керек", - дедім. Жаздым, ол ренжіп қалды. Instagram-да менің парақшамнан шығып кетті, сосын мен де шығып кеттім", - деп ағынан жарылды Айқын.
Бүгінде әріптестер желіден бір-бірін өшіріп, араласпайтын күйге жеткен. Алайда жүрген ортамыз бір болғандықтан, ешқайда қашып кете алмайсың деген Айқын әріптесінен бірінші болып кешірім сұрады.
"Еркеша ренжіме, ондай болып тұрады. Әлі талай концерттерде, тойларда жолығамыз", - деді ол.