Жұлдыз Әбдікәрімова қазақтың ерекше салтын жаңғыртып құда болды (видео)

Oinet.kz 29-11-2021 1823

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесік құда атанды. Қайрат Нұртастың жары той үстінде сәбиді бесікке салып, қазақтың салтын жаңғыртты. Оған қоса, ол болашақта қызды болғысы келетінін айтып қалды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды. 

image.png

Ол бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрдің бүгінгі күні де жалғасын тауып келе жатқанына ерекше қуанды. Сонымен қатар, актриса сәбиді бесікке салуға тікелей өзі қатысып, оған ақ тілегін білдірді. 

- "Рухани жаңғыру - ол, ең алдымен, дәстүр мен салттың қайта жаңғыруы. Өкінішке қарай, соңғы жылдары, әсіресе, қалалық жерде, "қалжа той", "бесік той" сынды дәстүрлеріміз қалып барады. Жүрген ортасында қазақтың кимешегі, ақ жаулығы арқылы салт-дәстүрді насихаттап жүрер әпкеммен бүгін бесік тойдамыз. Сәбиді бесікке салу құрметі маған бұйырыпты. "Бісміллә", менің қолым емес, Айша анамыздың қолы" деп, ниет етіп, бесікке салдым", - деп жазды ол. 

Оған қоса, Әбдікәрімова қызды болған жағдайда, болашақта той иесімен құда болуға уәде берді. 

- "Айналдым қазағымның салтынан, осы тойда "егер, қызды болсам" деп, бесік құда болдық", - деп жазды актриса. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Жазира Байырбекованың анасы дертке шалдықты (видео, фото)
Мөлдір Әуелбекова: «Аяғыма тұрмауыма хақым жоқ» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу