«Басшыны неге сайлап, Үкіметті неге ұстап отырмыз?» - Алтынай Жорабаева (видео)

Oinet.kz 12-07-2021 16593

Танымал әнші Алтынай Жорабаева халықтың жағдайына Үкімет мүлде алаңдамайтынын күйінішпен жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Жорабаева.jpg

- Қазір біздің мемлекеттің ең басты проблемасы - жаппай вакциналау! Ал, Маңғыстауда қырылған мал, шарасыздан шырылдаған жан мәселесі біздің Үкіметке маңызды емес. Мал қырылуы экономикаға елеулі әсерін берері, ет, азық-түлік қымбатшылығына алып келері анық. Алайда, оның зардабын көретін тек халық! Бәлкім, сондықтан болар, Үкімет бұған бас қатырмай отырғаны. Біздің халық өз күнін өзі көріп үйреніп қалған ғой.

Үйі жоқ мұқтажға халық жиналып үй әпереді. (Үйге арналған мем.бағдарламаларға қарасаң, аты айқайлап тұрғанымен,для “галочки “ жасалған). Шын мұқтаж 20% жинай алмасын біліп тұрып, талап қойған. Болмаса, халық аузынан жырып жинап бере салады деген секілді. Адам ауырса тағы сол халық жиналады еміне. Портал, тегін ем дегендердің кезегі өмірі жылжымайды.

Коронавирусқа 6 триллион бөлінеді, бұл да для галочки. Қайда кетті, кімнің қалтасында екені белгісіз. Тыныс алу аппаратын да сол халық жиналып алады тағы да. Енді келіп Маңғыстауда мал қырылса тағы халық жиналады. Ал үкіметтің бәрінен маңызды жұмысы бар. Ешкімге ем болмаған, зиян бермесе пайда тигізбеген вакцинаны алдыру. Мәжбүрлеу. Егер халыққа құлақ аспаса, қиналғанда қолдау, басына күн түскенде көмек бермесе, жарлы халық жырмышылап жүріп өз күнін өзі көріп, арбасын өзі сүйрейтін болса, онда біз басшыны неге сайлап, үкіметті неге ұстап отырмыз? - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Танымал әнші Төреғали ауылда сиыр сауып, көпшілікті таңқалдырды (видео)
Баян Мақсатқызы мен танымал продюсердің биі желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу