«Фонограммамен алдайды» - экс-министр Қайрат Нұртас туралы ойын айтты (видео)
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қайрат Нұртастың өнеріне қатысты ойын айтты. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.
Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы фонограмманы қолдану барысында әншілерді емес, ұйымдастырушыларды жазалау керек деген пікірде.
- Фонограммамен ән айтуды түбегейлі тоқтату керек. Үлкен сахналарда ол дұрыс емес. Өнерге тазалық, шынайылық керек. Сонда өнердің келешегі болады. Фонограмма - бір бірімізді алдау ғой. Соған көзімізді жауып отырамыз. Ол адамның әдетіне айналады, фонограммамен алдайды, сосын жалған ақпаратпен алдайды, солай қоғам бір бірін алдаумен жүреді. Фонограмманы тоқтату туралы заң бүкіл қоғамның өзгеруіне септігін тигізері сөзсіз - деді ол сұхбатында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram