«Қайрат Нұртастың әйелімін» деп айтуға асықпаймын» - Жұлдыз Абдукаримова (видео)

Oinet.kz 20-04-2021 2404

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова жақында ғана тұсауын кескен жаңа кітабынан үзінді келтірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Жулдыз.jpg

- Тура осы картина бала кезімде жиі көз алдыма келетін. Мен «Қайрат Нұртастың әйелімін» деп айтуға асықпадым. Ел алдында емес, отбасымның ортасында болу маңыздырақ болған соң. Жұртқа бар екенімді дәлелдеуге емес, мендегі барым – балаларымды дұрыс тәрбиелеуге тырысқан соң. Он жыл бойы үнсіз келгенім өз басымды оқшаулағаным емес, түтінімді түзу етуді мақсат тұтқаным деп білерсіздер. Бұл кітапта жазылғанның бәрі де – отыз жастағы Жұлдызға тән ойлар мен сырлар. Балалық. Махаббат. Түйсік. Мейірім. Үнсіздік. Шыдам. Арман. Қарсылас. Жанталас. Арпалыс. Қуаныш. Құпия. Мұң. Қолдау. Түсіну. Талпыну. Бақыт. Отбасы. Беймәлім сәттерімнен, естелік дәптерімнен бір үзік сыр... - деп жазды ол. 

Жұлдыздың жазбасына желі қодданушылары түрліше пікір қалдыруда. 

- "Саламатсызба Жұлдыз сіз Гулзира ханымға рахмет айтыныз сол кісі сіздің отбасында ошақ қасында болуыңызга ене болып көп үлес қосты деп айта аламын өйткені бәріміз жас болдық жолдасымыз қасында қатар жүргенді қалар едік", "Менде өмірбаянымды жазсамбекен", "Өте ақылды, сұлу әйел! Аман болыңыз!", "Жұлдыз қызым. Сен керемет жансың", "Керемет ана, керемет келін, керемет жар, достыққа керемет жан деп, білемін мен өзім. Қалғаны мені қызықтырмайды екен, жарайсың Жұлдыз" - деп жазды желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Баян Мақсатқызы өзін қазақша білмейді дегендерге шүйлікті (видео)
Димаш Құдайбергеновтың кішкентай сәбиді құшақтап түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу