«Өмірдегі ең алғашқы азабым сол болды» - Зарина Омарова (видео)

Oinet.kz 27-01-2021 1678

Отандық белгілі әнші Зарина Омарова басынан өткерген қиын кезеңі туралы баяндады. 16 жасында көлік апатына ұшыраған ол ажалмен бетпе-бет келгендігін жеткізді. Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берді. 

Зарина Омарова.jpg

- Ол кезде мені ешкім танымады. Бетімнің бәрі қан болды. Медбике келіп, бетімді сүртіп бұл Марат Омаровтың қызы ғой кішкентай деп таныды. Сосын барлығына хабарлап, папа, мамаға звондады. Ең басында артта отырған жігітке көп көмектесті. Себебі, ол өте ауыр жағдайда болды. Мен біраз коридорда жатып қалдым. Адам көп болды деп маған кейін өздері айтып берді. Ашығын айтқанда зәрдің жүрекке тиюіне екі сантиметр қалған. Жарты сағатта өліп қалуым мүмкін еді операция жасамағанда. Операция жасады. Әрі қарай, Сағи Алмабекович өз қызындай қарады - деді әнші.

Сол кезде екінші рет дүниеге келгендей болдым дейді әнші. 

- Үш ай бойы. Шымкент қаласында ең жақсы палата берді маған. Еркелетті бәрі. Бірақ ол кезде бас тігілген, өте ауыр жағдайда болдым. Ата-анам жанымда отыратын. Екеуі екі қолымды ұстап. Ең бастысы әрине анама оңай болған жоқ. Сол кездерде анам коридорда отыратын. Бастан судорга ұстап солай ауырдым. Бұл өмірден көретін жарығым бар шығар. Мені жалғыз қалдырды сол машинаның ішінде. Екінші рет дүниеге келдім деп ойлаймын. Өмірдегі ең алғашқы көрген азабым деп айтсам болады. Ауруханадан екі балдақпен шықтым.Сосын ата-анам Испания еліне жіберді. Сол жақта емделдім. Үш айдан кейін таяқсыз оралдым - дейді Зарина Омарова. 

Алтынай Жорабаева жолдасымен түскен суретін жариялады (фото)
Әкесі Марат Омаров туралы айтқан Зарина көз жасына ерік берді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу