Жанар Айжанованың қызы күйеуі екеуінің арасындағы құпиямен бөлісті (фото)

Oinet.kz 21-10-2020 2436

Жақында ғана отау көтеріп қалың көпшілікті таңғалдырған Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек желідегі оқырмандарына тағы да бір мәрте қуантты. Жанар Айжанованың қызы төрт жыл бойы жасырын кездесіп жүрген кезде сүйіктісімен түскен фотоларымен бөлісті. Ол суреттерді қос ғашық еш жерде жарияламаған, деп хабарлайды Oinet.kz.  

image.png

Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында күйеуі Қыран Талапбек екеуінің төрт жылда түскен фотоларын жариялап, елді тәнті етті. Жеке өмірін үйлену тойына дейін жасырып келген ғашықтар жанкүйерлеріне енді ғана ашыла бастады. Олар ешкімге көрсетпей сақтап келген суреттерін отбасын құрғасын ғана ел назарына ұсынған. Қызығы, ұзақ уақыт бойы қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген Айжұлдыз бен Қыранның ортақ фотолары өте аз болып шықты. Адайбекованың айтуынша, төрт жылда олар небәрі оншақты суретке түскен.

- "Жәй ғана біз. Қызықты фактпен бөлісейін. Жолдасым екеуміз суретке түскенді аса жақсы көрмейміз. Төрт жылда менде күйеуіммен түскен бар-жоғы оншақты фотом бар. Бірақ, бәрі алда. Біз бұл қателікті ескеретін боламыз. Көбірек суретке түсеміз" , - деп жазды Жанар Айжанованың қызы. 

Желідегілер жас жұбайларға тамсана қарап, оларға деген өздерінің жылы лебіздерін жаудырды. 

- "Сондай жарасымды жұпсыздар" , "Көз тоймайды екеуңізге, бақытты болыңыздар" , "Қуанышты күндеріңіз көп болсын" , "Осылай арасында әдемі суреттеріңізбен қуантып тұра беріңіз" , "Бақыт тыныштықты қалайды деген шын екен. Ешкімге жария салмай-ақ бақытты болдыңыздар" , - деп жазуда көпшілік. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мәдина Сәдуақасованың анасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Танымал актриса некесін қиды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу