Меруерт Өтекешова Әлібидің сотына арнайы барды

Oinet.kz 05-06-2020 5285

"Қыз Жібек" тарихи киносының бас кейіпкері, қазақ тарихында және киносында өзіндік орны бар актриса Меруерт Өтекешева Ақтөбе облыстық сотының ғимаратында өтіп жатқан Әліби Өтепбергеннің ісіне арнайы барды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Қазақ киносының жауһарына айналған ұстаз шәкіртінің жазықсыз екеніне сенімді. Ол ауыр баппен жазаға тартылып, 10 жылға бас бостандығынан айрылған Әліби Өтепбергенге араша сұрайды. 

- "Сот Әлібиге оң көзімен қарау керек. Осындай жақсы балаларға соншама жыл беру дұрыс емес. Әліби соңғы жылын оқи алмады. Ол өз  группасының белсенді ұйымдастырушысы еді. Қарапайым, мінезі керемет жақсы бала. Студент болған соң жұмыс жасап, өз еңбегімен ақша табуды ойлаған. Мынадай жағдайға тап болды. Оған ешкім сене алар емес",- дейді Меруерт Өтекешева. 

Танымал актриса бір түсінбестіктің болғанына сенімді. 

- "Қазір интернет пен теледидар алдында отыратын балалардың ойлары бөлек. Мүмкін түсінбей қалған шығар. Кішкентай балалар ертең 5-6 жылдықта қандай болатынын кім біледі?! Адам өзгереді. Сондықтан ата-аналар терең ойлану керек. Бұлай арыз жазуға болмайды. Бір адамның өмірі. Қанша жыл беріп жатыр масқара ғой. Ол дұрыс емес. Әліби үшін осы жерге жиналып келіп тұрмыз. Соттың көзқарасы оң болу керек. Мен Әлібиге сенемін. Барлық өнер адамдары қолдап жатыр. Бәрі дұрыс болады деп ойлаймын",- дейді өнер иесі. 

Естеріңізге салсақ, "Шабыт" университетінің студенті болған 23 жастағы Әліби Өтепберген "Жас балаларды азғындық жолға түсірді" деген баппен 10 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Жазғы демалысында Ақтөбедегі балалар лагеріне тәрбиеші болып жұмысқа орналасқан студент қылмыстық жауапқа тартылды. Лагерьде бар-жоғы 5 күн ғана жұмыс істеген оның үстінен ата-аналар арыз түсірді. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспейді. Осыған дейін, Әлібиді "жазықсыз қамап отыр" деп қазақ эстрадасының бір топ әншілері араша сұраған болатын.

Баян Мақсатқызының қазіргі күйеуінің бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берді
Жанболат пен Жазираның ұлы қарындасын «некесіз қызы» дегендерге жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу