Жынның әйелін босандырған семейлі акушер әже
16-11-2024
Ғұламалар жынның адам денесіне кіруі мүмкін екендігін бәтуаласқан. Өйткені, Құран Кәрімде: «Адамдардың көкейіне уәсуәса салатын (жынның жамандығынан пана тілеймін)» деген аят бар. («Нәс» сүресі, 5 аят).
Және де Ибн Әбу Дүния, Әбу Аълә және әл-Бәйһақи сынды хадисшілердің хадис жинақтарында келтірген риуаятта Алла елшісі (с.а.у.) былай деген:
«Шынында шайтан өзінің тұмсығын адам баласының жүрегіне сұғады. Қашан адам баласы Алланы тілге алса, (шайтан) ұзақтайды. Ал, Алланы ұмытса, жүрегін жұтады» (яғни, адамның жүрегіне өзінің азғыру оғын қадап, түрлі жаман ойларды салып отырады).
Өйткені, «сахих» хадисте айтылғандай, шайтан адамның ішінде қан тамырларындағы қанның аққаны сияқты жүреді.
Аталмыш риуаяттар, адам денесіне жынның кіруін өтіріксінетін мұғтәзилит ағымындағыларға да жауап болып отыр.
Осы орайда, Имам Ахметке (Алла одан разы болғай) бір кісі:
- Кейбір адамдар «адамның денесіне жын кірмейді» деп жүр, - деген екен. Сонда Имам Ахмет:
- Олар өтірік айтады. Оның аузымен олай деп айтып тұрған да сол жынның өзі, - дейді.
Демек, Әһлу сүннә уәл жамағат түсінігінде - жынның адам денесіне кіруі ақиқат.
Сондай-ақ, Алла елшісіне жынданған бір адамды алып келгенде пайғамбарымыз оның арқасынан ұрып: «Шық деймін, Алланың дұшпаны» дегеннен соң, жынның шыққандығы, сондай-ақ, басқа бір жынданған адамның аузына түкіріп: «Ей Алланың дұшпаны! Шық деймін. Мен - Алланың пайғамбарымын» деп айтқандығы бірнеше жолмен жеткен.
Профессор Доктор Уәһбату аз-Зухайли, «Фәтәуә Муъасыйра».
Аударған А. Қасым.