Ауызашар берудің сауабы қандай?
Хадис шәрифте: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар бергенге Сират көпірін өту оңай қылынады», делінген. Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім рамазанда ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде сахабалардың кейбіреулері бір адамға ауызашар беретін мүмкіндіктері жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде : «бір құрма мен ифтар бергенге де, бір ғана су мен ауыз аштырғанға да, азғана сүт бергенге де, бұл сауап жазылады» деді (Байхаки).
Тағы бір хадис шарифте: «Рамазан айында ораза тұтқан адамға сумен ауыз аштырған кісі анадан туғандай күнәсіз болады» дегенде, сахабалар «су табылмаған және қымбат болғанда ма?» деп сұрады. Жауапта: «қаласа өзеннің жағасында берсін, бәрібір» деді. Ас беру өте сауапты амал. Әсіресе ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы мыңдаған есе артады. Ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады. Тамақ беруді, қонақ күтуді ғанибет деп білу қажет! Хадис шарифте былай деп айтылды:
«Амалдардың ең үстемі мұсылманның айыбын жасыру, қарнын тойғызу және қажеттілігіне көмектесу арқылы қуанту».
«Алла тағала жұртқа ас берген жомарт құлымен періштелеріне мақтанады».
«Қонақ дастархан басынан тұрып кеткенше періштелер үй иесіне дұға қылады».
«Жәннатта сондай әдемі сарайлар бар, олар жылы жүзді, жұмсақ мәмілелі, қонақжайлы және ел ұйықтағанда намаз оқитындар үшін».
«Досына ол жақсы көрген тағамын жегізген кісінің күнәлары кешіріледі».
Достарына ас беріп, дастархан жаю садақа беруден абзал және сауапты. «Ол мені қонаққа шақырмаған, мен де шақырмаймын» деп айтпау керек. Қонаққа шақыруды да, баруда да тек Алла ризалығын мақсат ету керек».