Сіз білмейтін садақаның түрлері

Oinet.kz 18-06-2020 1453

- Адасқанды тура жолға шақыру – садақа.

image.png

- Мұсылмандарға қиындық тудыратын нәрсені жолдан алып тастау – садақа.

- Кекештің жеткізе алмай жатқанын түсіндіру – садақа.

- Әдемі сөз – садақа.

- Мұсылманның мұсылманға күлімсіреуі – садақа.

- Намаз үшін басылған әр қадам – садақа.

- Кісінің өзіне, отбасына жұмсаған ақшасы – садақа.

- Қонақ пен көлігіне жұмсалған қаражат – садақа.

- Ағаш отырғызғанда, егін еккенде, жемісін басқалар жесе, иесі үшін садақа.

- Су каналын қаздыру, құдық қаздыру немесе адамдар су ішу үшін жағдай жасау – садақа.

- Пайдалы ілім үйрету де – садақа. Мешіт салдыру, Құран Кәрім бастыру, өлгеннен кейін артынан дұға жасайтын салиқалы ұрпақ қалдыру да – садақа.

- Мұсылмандар үшін Алладан кешірім сұрап, дұға ету – садақа.

- Пайғамбарымызға (с.а.у) салауат айту – садақа.

- Екі адам арасында әділетті үкім беру – садақа.

- Екі ренжіскенді татуластыру – садақа.

Ауырғанда оқылатын дұғалар
СубханАлла сөзінің 10 қасиеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу