Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Facebook – әлемнің миллиондаған нүктесін ұштастырып отырған ірі әлеуметтік желі. Ашық пікір алаңына айналған желінің тарихы және негізін қалаушысы Марк Цукерберг туралы қызықты деректерге назар аударыңыз:
- Егер Facebook-тен қате тапсаңыз, Марк Цукерберг сізге 500-20 000 АҚШ доллары аралығында ақшаны сыйға тартады.
Google-ге қарағанда Facebook күніне екі есе көп қолданылады. Сіз тек Марк Цукербергтің парақшасын еш уақытта бұғаттай алмайсыз. Ал егер бірнеше рет қайталасаңыз, парақшаңызбен қоштаса беріңіз.
- Facebook тек көк түспен безендірілген, өйткені қызылды-жасыл түстен Марктің көзі ауырады.
- Сирия, Иран елдерінде Facebook-ке кіруге тыйым салынған.
- Facebook айына 12,6 сағат уақытыңызды ұрлайды. Есесіне Марк минутына 450 доллар табады
- Марк Цукерберг Қытай еліне күйеу бала болса да, Қытай Facebook қолдануға тыйым салғалы қашан?!
- Марк Цукерберг 2004 жылы Гарвард университетінде оқып жүріп, Facebook әлеуметтік желісін жасаған. Бөлмедегі достары Эдуардо Саверин қаржылай қолдаса, Дастин Московиц деген көп ұйықтайтын жігіт техниканың маманы ретінде ат салысқан. Гарвардтың 3 түлегі небәрі 9 күнде ірі желінің негізін қалаған.Әлемнің ең мықты «Microsoft» компаниясының атқарушы директоры Марк Цукербурктің офисіне келіп, сыртқа серуендеуге шақырып Facebook үшін 15 млрд доллар ұсынды. Алайда намысшыл Марк Facebook-тің болашағына сенді.
- Цукербергтің әлеуметтік желісі араға 10 жыл салып аудиториясы 1,4 млрд қолданушыны құрады. Иә, Фейсбук – Марк Цукербургті планетаның ең жас миллиардері деңгейіне бірақ шығарды. Осылай жалғаса берсе, әлемдегі ең бай адам тізімін өзгертері сөзсіз.