Жәндіктер неліктен ауру сезбейді?

Oinet.kz 23-08-2019 1172

7qzcurxbd1xbz2avom5r.jpg

Ауруға ғылыми сипаттама беретін болсақ, ол былай болады: ауру дегеніміз – ұлпаның шынайы немесе болуы ықтимал зақымынан туатын жағымсыз сенсорлы және эмоционалды сезім». Ал оның күші мен төзімділігі – аса терең түсінік.

Аяғын шыныға жаралап алған ит қыңсылап қашады. Ал адам мұндай жағдайда айқайлап жібереді. Бірақ қайсысына ауыр тиетінін білу қиын. Осыған байланысты қандай жануарлардың ауруды қай дәрежеде сезетінін зерттеуде аналогия әдісі орынсыз.

Жәндіктер мұндай сезімнен мүлде айырылған болуы мүмкін. Мұндай ғылыми тұжырымды жәндіктер мен шаянтәрізділерді зерттеу кезінде олардан ноцицепторлар деп аталатын миға ауру туралы ақпарат беріп отыратын рецепторлардың мүлде кездеспегенімен түсіндіруге болады. Себебі ол рецепторларсыз ауру сезу мүмкін емес. Демек, жәндіктер ауру сезбейді деген сөз.

Көздің жасы неліктен тұзды?
Микеланджело Буонарроти өмірінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу