Әлемдегі ең жүйрік құс сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады

Oinet.kz 14-08-2019 2061

Screenshot_13.jpg

Құс атаулының барлығы қанатын қағып ұша бермейді. Есесіне олардың аяқтары жылдам. Әлемдегі ең жылдам құс ол – африкалық страус. Ол сағатына 50 километр жүгіре алады. Ал жылдамдығын арттырса 80-ге дейін жетеді. Үлкен құстың рекорды 97 километрге дейін жеткен. Страустың бір қадамының арақашықтығы төрт метрге дейін жетеді екен. Одан кейінгі «жеңіл атлет» құстың бірі Нанду. Оңтүстік Америкада өмір сүретін құс қауіпті сезген сәтте сағатына 60 километрге дейін жүгіре алады. Жүйрік құсты жыртқыштардан тек пума мен ягуар ғана қуып жете алады.  Австралияда жиі кездесетін страус Эмудың да жылдамдығы жоғары. Ең қызығы бір айлық құстың балапаны анасымен бірдей жылдамдығын арттыра алады екен. Яғни Эму мен балапаны да сағатына 50 километрге дейін жүгіруге қауқарлы. 

Орта ғасырда адам терісінен қандай бұйымдар жасалған?
Әлемдегі ең қымбат иттің «породасы» қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу