Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Тұрмыста қолданып жүрген желімнің тарихы біз ойлағаннан да тереңде жатыр екен. ең алғашқы желімді тас дәуірінде неандертальдықтар ойлап тапқан. Олар желімді қару-жарақ және еңюекке қажетті заттарды жөндеу үшін қолданған. Жабыстырғыш затты жасаудың өзіндік технологиясы болған. Тас дәуірінің «тұрғындары» қайыңды отқа өртеген. Өрт кезінде қайың созылмалы әрі жабысқыш смолаға ұқсайды. Міне сол смоланы сол сәтте заттардың бетіне жағып, бір-бірне желімдейтін бюолған. Мұндай айғақтарға ғалымдар археологиялық қазба жұмыстары кезінде тағыблған көне құмыраларды көріп көз жеткізген. Археологтар кейбір құмыралардың сызаты бар болса да бүтін тұрғанын байқаған. Яғни сынған құмыралар смола арқылы қайта құрастырылған. Ал ежелгі римдіктердің желімі мүлдем асқа. Олар желімді жұмыртқадан жасаған. Сондай-ақ сүт, дән, ірімдік, тіпті қан қосқан деседі. Мұндай желімнің кез-келген затты жабыстыруға күші жеткен. Ал қазіргі заманауи желім 17 ғасырдың 90 жылдары Нидерландыдағы зауытта шығарылған.