Сүлеймен пайғамбардың өлімі

Oinet.kz 10-08-2019 2167

Screenshot_49.jpg

Деректерде Сүлеймен патшаның өлімі жайлы мына бір аңыз сақталған. Хазіреті бір күні таяғына сүйеніп сарай салып жатқан жындарға қарап тұрған болатын. Бақылап тұрған Сүлейменді көрген «жұмысшылар» істерін одан әрі жалғастыра береді. Құдіретінен мақұлықтың өзі шошыған әміршіге сол сәтте аяқ астынан ажал келіп, таяқ ұстаған күйі жан тапсырды. Алайда патшаның о дүниелік болғанын  жын – шайтандар сезген жоқ. Осылайша бірнеше күн өтеді. Сол кезде бір құрт келіп әлгі асатаяқты кеміріп жей бастайды. Әбден мүжілген асатаяқ сонда сынып, жерге пайғамбармен бірге сұлап түседі. Мына көрініске таңқалған шайтандар сонда ғана оның бақилық болғанын біліп, аяқ-қолдарындағы кісенді бұзып,  жан-жаққа қаша жөнелген екен.

Патшалықты да, пайғамбарлықты да нәсіп еткен Сүлеймен
«Жүзігі бар - Сүлеймен, жүзігі жоқ - сүмірейген»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу