Несие қалай пайда болған?

Oinet.kz 21-06-2019 1706

Несие (creditum) латын тілінен аударғанда credo - сенемін, сенім білдіремін деген мағына береді. Несие - белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Қазіргі таңда несиесі жоқ адамдар сирек кездеседі деуге болады. Статистика бойынша елімізде әр екінші отбасы несие төлеуде. Тіпті кейбірінде бір басына 3-4 несие бар адамдар да кездеседі. Ал сол елдің берекесін қашырып жатқан несие қалай пайда болды?

Screenshot_20.jpg

Ең алғаш несиелер біздің дәуірімізге дейінгі кезеңде пайда болып, беріле бастаған. Мысалы, біздің дәуірімізге дейінгі  шамамен 1793-1750 жылдары Вавилонды басқарған патша Хаммураппидің заңында «үмітсіз борышкер құлдыққа әйелін, баласын немесе қызын бере алады» - деген бап бар. Олар үш жыл қарызын өтеп, одан соң бостандыққа ие болатын болған.

35-019.jpg

Грек тілінен аударғанда «ипотека» сөзі (hypotheke) «кепіл» деген мағына береді. Ежелгі Грекияда қарыз алушының жеріне несиені өз уақытында төлемеген жағдайда жердің қарыз берушіге өтетіні туралы ескертпе ретінде осы іспеттес жазуы бар бағана орнатқан. Ал Англияда орта ғасырлар кезеңінде қарызын өтемеген жағдайда абақтыға жабылатын болған. Абақтыға жабылмаудың жалғыз мүмкіндігі – борышкерге өз үйінің шекарасынан асып кетпеу. Себебі үйіндегі адамды қамауға құқық болмаған.

86472.jpg

Русь елінде борышкерді көп халықтың көзінше сабайтын болған. Бұл әрекет көп халықтың ішінен бірінің жаны ашып араша түсіп, оның қарызын өтеп берсін деген оймен жасалатын болған. Жазаланған адам барынша дауысын қатты шығарып, жұрттың өзіне деген аяушылығын тудыруға тырысқан.

KMO_088734_01153_1_t218_192742.jpg

Фото ашық дереккөзден алынды

Ресейде 1754 жылы Мемлекеттік Жер Банкі құрылған. Онда дворяндар өз жерлері мен жылжымайтын мүліктерін кепілдікке қоя отырып несие ала алған. Қарыз 6% жылдық үстемемен берілген. 19 ғасырда несие алу құқығына қарапайым шаруалар да ие болған.

Әйгілі француз жазушысы Александр Дюманы «мәңгілік борышкер» деп атаған. 1852 жылы Париж соты жалпы қарыз сомасы 107 000 франк болатын 53 кредитордан қуыным (иск) алған. Бірақ Дюманың өзі Брюссельге кетіп үлгерген. Жазушы еркін өмірге үйренген, қаражатын да тек өзіне ғана жұмсамай, жомарттықпен достары мен таныстарына да тарататын болған. Бұл жөнінде ол өз сөзінде: «Мен ешбір адамға қаржылай көмектен бас тартқан емеспін, сұраған ақшасын бермей қойған кезім болған емес және ол кредиторларымның арқасы,» - деген.

b0f0bf2bcdfbf06a1147de2ff5addb32_ce_1600x888x0x76_cropped_930x510.jpg

Суретте әйгілі француз жазушысы Александр Дюма

Үндістердің квакутл тайпасында қызық дәстүр болған: қарыз алған адам кепіл ретінде өз есімін қалдыратын болған. Тайпаластарының бірде-бірі оны қарызын толығымен қайтарғанынша өз атымен атамайтын болған. 

Италияның банктерінің бірінде кепілдік ретінде пармезан ірімшігін қабылдайды және де аз пайыз қосылады. Ірімшіктің бұл түрі өте үлкен танымалдылыққа ие болғандықтан, несиені өтемеген жағдайда оны сатып жіберу аса қиындық тудырмайды.

Париждің Credit Municipal de Paris ломбардында кепілдік ретінде таңдаулы алкогольдік сусындар қабылдайды. Алғашқы күндердің ішінде ломбардтың қоймасы жүздеген бөтелке шараптармен толыққан.

credit-municipal.jpg

Париждің Credit Municipal de Paris ломбарды

2007 жылы ағылшынның Кент графтығында жазушы Чарльз Диккенстің паркі ашылған. Паркті барынша ХІХ ғасыр атмосферасына ұқсатып жасаған. Келушілер басқа ойын-сауықтан бөлек қарыз абақтысында да отыруына болады. Айта кететін жағдай, Диккенстің әкесі 1824 жылы қарызын қайтару мүмкіндігі болмай осындай қарыз абақтысына жабылған. Абақтыдан ол бір жарым жылдан кейін анасының мұрагерлігін алған соң шыққан. Жыл сайын паркке шамамен 1 миллиондай адам келеді екен.

Өз жаназасына өзі сценарий жазған Черчилль
Әлемді мойындатқан Чайковский: Оның өмірі кемшілігін жасырумен өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу