Баланы үйде оқытудың қандай тиімді әдісі бар?
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният кезекші сынып оқушыларынан симтомпсыз немесе жеңіл түрде өтетін коронавирус анықталғанын мәлімдеді. Соған байланысты балаларды үйде оқыту қаншалықты дұрыс деген сауалға жауап іздеп көрсек!
Үйде оқыту коронавирусқа дейін де қоғам да бар әдіс. Homeschooling – үйде оқыту – 30 жылдан бері практикада бар метод. Түрлі себептер негізінде ата-ана баласының мектепте емес үйде оқытылуын таңдай алатын. Сырттай оқу, қашықтан оқу, үйде оқыту – жаңалық емес. Оқудың тек әдісі ғана.
Перзентінің дәстрлі жолмен оқуын қалайтын ата-ана көп-ақ. Бірақ, балаға үйде оқу ыңғайлы әрі ашылуына сеп болуы ықтимал. АҚШ-та қарапайым мектеп оқушыларының тек 59% - ы колледжге түседі. Үйде оқитындардың ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары-67%. Әрі хоумскулер балалардың емтихан көрсеткіштері жоғары, зейіні бір нүктеге шоғырлануға дағдыланған, сирек жағдайа ғана оқуды тастуы тіркеледі екен.
Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы
Баласы телефон ұстады дегеннен сарсаңға салынатын ата-аналар бар. Бірақ, бала әлеуметтік медианы неғұрлым ерте меңгерсе пайдалы тарапқа қолдану сауаты артады. Қадағалағанда ғана емес, қадағалаусыз да ғаламторды ұтымды пайдалана алатын балалар бар. Сеніңіз. Кез келген жетістіктің тіреуіші – сенім. Карантин режимі қорқынышты емес. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға тосырқамай кезігеді. Баладан талап етпей, талаптануына жол ашыңыз!
Үйде оқуды қалай жүйелесе болады?
Үйде оқытқанда көптеген тәсілдер бар. Мекте оқулығын өзіңіз оқыта аласыз. Немесе тәжірибелі репититорды онлайн жалдауға болады. Қазір өте тиімділікке ие болған Daryn.Onlyne, BilimLand секілді платформалардың көмегіне жүгіну.Бастысы – ескеріңіз, сіз жаңалық ашып, нөлден бастамайсыз. Методтардың ішінен таңдау жасайсыз. Білім министрлігіне, мектеп әкімшілігіне шағымдану тек күш кетіреді. Қолда бар мүмкіндікті қажетіңізге жаратыңыз!
№1 қадам.
Оқу жоспарын алыңыз.Мектеп сізге оны ашық, анық ұсынады. Сіз балаңыз қандай пәндер өтіп жатқанын , әр сабаққа қанша сағат кететінін топшалай аласыз. Осы аптада, осы айда қандай тақырыптарды меңгеру керектігін түсінесіз. Келесі айға жоспарланған тақырыптар бойынша жоспар құруыңызға болады. Егер сіз өз бетіңізше немесе репетитормен және қашықтықтан жұмыс істейтін оқытушылармен жұмыс жасасаңыз, оқу траекториясының қалай құрылатыны әлдеқайда айқын болады. Онлайн мектепте бәрі қарапайым.
№ 2 қадам.
Әр күнді жоспарлаңыз. Қазіргі жағдайда үйде оқуға тура келеді. Бірақ бұл факторды жоспардан тыс демалыс деп қабылдамаңыз. Бала мектептегі сияқты нақты кесте бойынша оқуы керек. Егер оқуға белгіленген уақыт болмаса, қашан және қалай айналысуға болатындығы белгісіз. Кестені тиісті стандарттарға сүйене отырып құру керек. Мысалы, бір сабаққа 30-40 минут, үзіліс үшін 10-15 минут. Зейінді ауыстыру және демалу да маңызды, бұл жоғары концентрацияны сақтауға көмектеседі. Оқу үшін бөлек орын бөліңіз. "Сынып" атосферасына ие ойнауға және еркелетуге болмайтын аймақ таңдаңыз. Бірақ бұл бұрышта үй шаруашылықтары оқушыны сабақтан алшақтата алмауы керек.
№3 қадам.
Оқуға деген қызығушылықты сақтаңыз. Сіз отбасының ойын картасын жасап, игерілген бағдарламаны бақылай аласыз. Ең өнімді кішкентай сыйлық алады. Сізге балаңызбен бірге қызықты материалдармен және шығармашылық жобалармен айналысуға болады. Мысалы, оқулықтағы қоғам қайреткері туралы зерттеудің орнына сіз биографиялық қызықты деректі фильм таба аласыз. Ал математикалық тапсырмаларға арнаулы сыйлық белгілеп, мотивация бере аласыз. Балаңызға арманын , қалаған затын таңдатыңыз. Арнаулы тиын жинайтын ыдыс арнап, орындаған тапсырмаға сай қаржы жинақтаңыз. Бала білімнің арманға бастар баспалдақ екенін ұғына түседі.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.