Ең күлкілі сұлулық стандарттары

Oinet.kz 13-08-2020 1399

Әйел жаратылысы қанша көркем болғанмен, бәріне бірдей ұнауы неғайбыл. Сән стандарты бүгін актуальды болғанмен, ертең тым күлкілі әрі оғаш болуы ғажап емес. Тарих сахнасында қалған әлем елдерінің күлкілі сән стандарттарын назарыңызға ұсынамыз!

Бас сүйегінің деформациясы

image.png

Ежелгі майя тайпалары бас сүйектерін жатпланеталықтарға ұқсайтындай етіп ұзартқан. Қазба жұмыстарынан табылған бассүйектер ерекшелігі адамдардың назарын аудартып, күдік туындатқан. Зерттеу нәтижесінде, тайпа мүшелеріне ерте жастан арнаулы ағаш тақталарды байлау арқылы бс сүйегін өзгерткен. Ересек жаста майялықтардың бас сүйегі қажетті пішінге деформацияланған. Сонымен қатар, бас сүйегінің конфигурациясы қыздарға ғана емес, ұлдарға да міндеттелген. 

Лотос аяқ

image.png

Сан ғасырлық тарихы бар Қытайда лотос аяғы бар арулар сұлулық симболы болған. Талдырмаш дененің нәзік аяғы  ежелгі кезде үрдіс болған. Қыз бала 3-5 жасында екі аяғын дәкемен қымтап ораған. Бұл әрекет арқылы аяқ сүйегінің формасы өзгеріп, аяқ киім өлшемі 5-15 см-ге дейін ғана жететін болған. Қыздың аяғы неғұрлым кішші болса, бай әулеттің кеінін атануға мүмкіндігі туындаған.

 Аспан асты елінде X ғасырларда императорға өнер көрсететін Ю есімді бикеш інжу-маржанмен көмекерілген алтын тұғырдың үстіне шығып билейді екен. Тұғыр лотос гүлінің күлтелері формасында безендіріліпті. Император сол бикештің кіп-кішкентай аяқтарын мақтап отырады-мыс. Шамамен сол кезден бастап «алтын лотос» аяқтар сәнге еніпті. Үдеріс  1000 жылға жалғасып, тек XX ғасырда  ғана аяқталған. 

Қас-кірпіксіз арулар

image.png

«Айқабақ, алтын кірпік, қызыл ерін» деп халқымыз қыз сұлулығына сипат берген. Дегенмен, бұл стандарт ежелгі Еуропа үшін көк  тиынға алғысыз.  Елде індеттің көптеген түрі тарағандықтан арулар бозғылт теріге құмар болған. Қас-кірпігін жойып, Шүйде шашын сылып тастап отырған. Бұл арқылы арулар дефектін байқатпаған. Бір пайдасы қас-кірпіксіз арулар «аққу мойын» кейіпте көрінетін болған. 

Дөнгеленген қарын

image.png

Орта ғасырдың аяғында тн тітіркенер антисанитария, дұрыс тамақтанбау және дәрумендердің аздығына байланысты рахит жиі кездесетін. Сондықтан трендте бозғылт тері және дөңгеленген қарын болды. Әйелдің борышы ана болу деп ұққан елге дөңгелеген қарын арудың ана болу қабілетінің бар екендігіне айғақ еді. Сән индустриясында қарынды ұлғайтып көрсетуші фасонды киімдер тігіліп, сұраныста болған. 

Қара тіс

image.png

Маржандай ақ, тізілген тіс – голливудтық күлкінің негізі. Ол тіске қол жеткізу үшін адамдар стаматологтың қарауына сағаттап уақыт жоғалтады. Осыдан 150 жыл бұрын жапондықтар қара тіске қол жеткізу үшін жанын салған. Себебі, қара тістер сұлулық стандарты әрі ақсүйектіктің белгісі болған. Тіс сия жаңғағының арнайы тұнбаларымен өңделіп қарайтылған. Қара тістер әуелі отбасылы әйелдердің аңсары болған.  

Азғын дене, бозғлт тері

image.png

Қазір загар алған тері мен, спорттық дене – сән әлемінің бөлшегі. XIX ғасырда барлық нәзік жанды ханымдар бозғылт теріні романтизмнің ажырамас бөлігі деп білді. Бұл тренд туберкулез ауруына Еуропада көп тарауымен байланысты. Мұндай ауру арқылы қан-сөлсіз, әлсіз, нәзік болған арулар әрсіз болғысы келмеді. «Жолы болмай» туберкулез дертін жұқтыра алмаған ханымдар сау денесін қайтсем бозартамын деп  сарсаңға түседі. Тіпті қантамыр көрініп тұратындай  етіп көрсету үшін арнайы боянады. 

Суреттер ашы дереккөзден алынды

Психологиялық тест: «Сіз телефонды қалай ұстайсыз?»
Психологиялық эксперимент арқылы адамның өмірін бұзуға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу