Әлемге әйгілі шахматшы неге мектепте оқымады?

Oinet.kz 13-08-2020 2223

Әлемдегі әр адам – ғажайып болмыс. Өзгелерден бөлектеп тұратын ерекше қабілетке ие. Кейіпкеріміз Самуэль Решевский де озық дарынымен ерекшеленеді.  Ол 1911 жылы Польшада кедей еврей отбасында дүниеге келген. Екі жасқа дейін баланың өмірі қалыпты еді. Әкесі шахмат ойынының ережелімен таныстырғаннан бастап баланың қабілеті ашылды. Самуэль тіпті ата-анасына шахматтағы жүрістерге  ақыл үйрете бастаған.  Төрт жасқа толған Сэммиді жан адам баласы шахматтан жеңе алмаған. 

image.png

Ата-анасы достарына баланың қабілеті туралы баяндайды.  Үлкендер жағы қызық көріп кішкентай ғажайып балақаймен шахматта бәсекелеседі. Балақай барлық қарсыласын еш қиындықсыз жеңіп шығады. "Шорти киген  шахматшының" даңқы бүкіл елге тарайады. 

image.png

 Тіпті кәсіби ойыншылар Самуэльмен ойнауға асық болады. Генидің 5 жасында-ақ атағы аспандап кетеді. Өз қаласының шахматшыларын «жер жасандырған» Сэмми елінің бар гроссмейсерлерін таңдандырады. Сэммидің ата-анасы дарынды ұлын халықаралық переспективаға көтеріп, шетелдеге шығып шахмат шеберлерімен бақ сынастырады. Алты жасар балақай Еуропа елдеріне саяхаттап түрлі конкурстар мен бәсекелрде топ жарып жүреді. Тек бір рет Сэмми югославиялық гроссмейстерден бірнеше сағаттық партия  нәтижесінде жеңіліп қалады.

image.png

Кейінірек ата-анасы балаға жақсы болашақ сыйлау  үшін АҚШ-қа көшті. Қызығы бала шахматта данышпан болғанмен, оқып-жазуға епсіз болды. Ол өз құрдастарынан едәуір артта қалғандығы анықталды. Бірақ Сэмми оқу үшін  уақыт бөле алмады. Ата-анасы  дарынды ұлымен Американың қалаларына саяхат жасады. 

image.png

Бала кәсіби шахматшылармен ойнап, көптегенн адамдар тамашалау үшін таласатын.  Бұл жағдай ұзаққа созылмады. Сэмюэл Решевский 12 жасында мектепке алғаш рет келді. Жоғалтқан уақытты қуып жету үшін шахматты бірнеше жылға назардан тыс қалдырды.

image.png

Сэмми 16 жасында үлкен шахмат турниріне қатысуға шешім қабылдап, жеңіске оңай жетті. Ол оқу мен шахматты қатар алып жүрді.  Жас Самуэль университетке түсіп, есепші мамандығын иемденді. Ол үйленіп, отбасын құрса да ірі турнирлерге қатысты. Ол – бірнеше рет АҚШ чемпионы және халықаралық турнирлердің жеңімпазы болды. Соңғы рет ол 61 жасында Америка чемпионатын жеңіп алды. Решевский 80 жасында қайтыс болды, ол гроссмейстер мәртебесіне иемденіп және шахматшылар арасында мәңгілік даңққа бөленді. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Ақсүйек адам қалайша маньяк болды?
Психологиялық тест: «Сіз телефонды қалай ұстайсыз?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу