«Мен Эбола лихорадкасынан аман қалдым. Бірақ мен COVID-19 вирусынан қорқамын»

Oinet.kz 26-03-2020 1033

Ньо-Йорте жәдел жәрдем бөлімінде жұмыс істейтін Крейг Спенсер дәрігер коронавирус кезіндегі ауруханада науқастарды қабылдап отырған дәрігерлердің бір күндік өмірі жайлы айтып берді. Бұл дәрігер 2015 жылы Батыс Африкада болған Эбола лихорадкасынан аман қалған. Бұл материал жанкешті дәрігерлер жайлы.

news5280.jpg

6:30

Ұйқыдан шұғыл тұрамыз. Күн ұзағына жететін аздаған кофе қайнатып ішеміз. Өйткені аурухана жанындағы кофейня жабылып қалған. Барлығы жабық. Ауруханаға барамын, құдды бүгін жексенбі сияқты. Ешкім жоқ. Мүмкін бұл суық жаңбырда немесе уақыт ерте болғандықтан. Қалай болғанда да, бұл жақсы.

8:00 

Таңғы аусымға келемін. Таңертеңгі көшелердегі тыныштық бірден жоғалады. Жедел жәрдемдегі жарық флуоресцентті шамдар көзілдіріктерді шағылыстырады. Жөтелдің даусы естіледі. Тоқтап, маска тағып аламын. Науқастар толы аурухана ішіне кіремін.

Алдынғы аусымдағы дәрігерлерден науқастардың жағдайын біліп аламын. Бірақ бәрі бірдей: жөтел, тыныс алуының қиындауы мен температураның көтерілуі. Бір науқас тыныс ала алмағанына қатты алаңдайды. Дем алуы қиын. 

Бұл науқасқа тез арада жетіп барамыз. Мәселе неде екені және қандай шара қолдану керек екені белгілі болады. Науқаспен және оның отбасымен ұзақ әрі шынайы сөйлесеміз. Жағдайы нашарлағанша оған қарқынды терапия жасаймыз. Емдеуге дайындалып жатамыз, бірақ...

Саған тағы бір басқа ауыр жағдайда түскен науқасты хабарлайды. Науқасқа жүгіріп барамыз. Оның жағдайы өте нашар, құсып жатады. Оған да қарқынды терапия қажет болады. Сонымен, көрші палаталарда екі пациенттің екеуінде де тыныс алу түтігі бар. Тіпті, сағат әлі 10 болған жоқ.

Ауысымның соңына дейін әрбір сағат бірдей қалыпта өтеді. 

Науқастың жағдай жайлы есеп: ауыр науқас, тыныс алуы қиындау, температура. Оттегі деңгейі 88% құрайды.

Науқастың жағдайы жайлы есеп: қан қысымының төмендеуі, тыныс алуының қиындауы, оттегінің төмендеуі.

Науқастың жағдайы жайлы есеп: қан қысымының төмендеуі, тыныс алу қиындау және температура

Күнде осылай...

Осындай қарқынмен жүріп, түстен соң әлі де бір стакан су ішпегенінді білесің. Масканы шешу – үлкен қоқыныш. Өйткені маска ғана сені вирустан сақтай алады. Әрине, маскамен өмір сүруді де үйренгенбіз. Бұрын Батыс Африкада Эбола лихорадкасы тараған шақта ауа жоқ костюм киіп, сусыз өмірге үйреніп қалғанбыз. Тағы бір науқас түсті...

Бірнеше сағаттан соң тамақтану есіне түседі. Жақын маңдағы мейрамхана жабық. Бәрі жабық. Бақытымызға, аурухана асханасы жұмыс істеп тұр. Тамақ жемес бұрын қолымыңды жақсылап жуып аламыз, ақырын масканы шешіп, тамақты тез жейміз. Масканы қайта тағамыз. Вирус толы ауруханаға кіреміз.

Жатқан барлық науқастың ауруы бірдей. Әрбір науқаста COVID-19 вирусы бар деп күмәнданамыз. Науқастың қасына барарда бір ретті киетін халатты, қорғайтын маска мен көзілдірік тағып кіреміз. Күнде солай. Бұл қауіпсіздіктің жалғыз жолы. 

Жүрек ауруы мен аппендицит аурулары қайда кетті? Бұл жерде тек COVID-19.

Белгіленген аусым аяқталған соң келесі дәрігерлерге бағдар жазып береміз. Барлығы COVID-19. 

Соңғы аптада біз симптомдарды тез анықтауды үйрендік: төмен оксигенация, лимфопения, D мөлшерінің жоғарылауы. Достарымызды жеке қорғаныс құралдарының азайғаны алаңдатқызады. Әрине, бұл жайтқа менде алаңдаймын. Ауруханаларда өкпені вентиляциялау жабдықтары таусылған.

Аусымды аяқтап, үйге қайтарда БАРЛЫҚ заттарды тазалап кетеміз. Телефон. Бейдж. Қалташа. Кофе ыдысы. Хлормен тазалаймыз. Қолданарда өзіне сенімді болу қажет. Сонда да және тазалап қойған артықтық етпейді. Мұндай жағдайда тым сақ болуы қажет. 

Сыртқа шығып, масканы шешеміз. Жаңбыр әлі жауып тұр. Автобусқа немесе метроға мінгеннен гөрі жаяу жүрген қауіпсіз. Көше бос. Адамдар жоқ. 

Үйге кірген бойда киімдеріңді шешесің. Бәрі пакетте. Әйелің өзіннің кішкентай қызыңды саған жолатқызбайды. Бірақ қызым мені көрмегеніне бірнеше күн болғасын құшақтағысы келеді. Ваннаға қашасың. Шомыласың. Бұл нағыз бақытты сәт. Енді отбасыңмен бірге отыруға болады.

Біз ауруды толығымен тоқтата алмадық. Бірақ біз аурудың таралауын баяулата аламыз. Вирус байланыста болмаған адамдарға жұға алмайды. Үйде болыңыздар. Әлеуметтік оқшауланы – аурудың таралуына жалғыз кедергі. Мен елдің экономикасына алаңдамаймын, қауіпті вирустан соң өмірді сақтап қалуды ойлаймын. 

Кейбіреулер вирус жоқ дейді. Ол бар.

Кейбіреулер ол қорқынышыты емес дейді. Ол қорқынышты. 

Кейбіреулер ол сені өлтірмейді дейді. Ол сені өлтіре алады.

Мен эбола лихорадкасынан аман қалдым. Бірақ COVID-19 вирусынан қорқамын.

Үйде отырыңыз.

Әр күн сіз үшін үйден шығып, жұмысқа барамын.

Сіз мен үшін үйде отырыңыз.

Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнаған сыйлықтың бірін таңдаңыз!»
Психологиялық тест: Шынайы отбасы қайсы?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу