Әлемнің үздік ауруханалары қандай?

Oinet.kz 09-12-2019 1180


Бұл сұрақ әдетте дәрігерлерді, сонымен қатар қалталы азаматтарды жиі мазалайтыны рас. Себебі, денсаулыққа келгенде адам барын аямайды.  Бұл тұрғыда Халықаралық «Healthcare Global» медициналық журналының зерттеуіне көз жүгіртсек болады. Бұл беделді басылым бүкіл дүние жүзінде қызмет көрсетіп жатқан  клиникаларға терең сараптама жүргізе келе үздіктердің тізімін анықтады.   Ең үздік он медициналық клиниканың үшеуі Америка Құрама штаттарында орналасса,  рейтингке Германия, Канада, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Тайланд, Сингапур және Түркияның да өкілдері енген. Байқасаңыз, бұл тізімде Израильдің мақтаулы клиникалары жоқ. Есесіне  Түркиялық клиниканың мықтылардың қатарынан табылуы таңғаларлық жайт болды. Үздіктер тізіміне енген кейбір клиникалар жайлы айта кеткенді жөн санадық.

Screenshot_4.jpg

Әлемнің үздік клиникалары

Джон Хопкинс атындағы орталық, АҚШ;

Асклепиос Бармбек клиникасы, Германия;

Техас университетінің жанындағы М.Д.Андерсон Онкологиялық орталығы, АҚШ;

Бригама әйелдер ауруханасы, АҚШ;

Грейт-Ормонд-стрит ауруханасы, Лондон, Ұлыбритания;

Уридыль клиникасы, Сеул, Оңтүстік Корея;

Шолдис клиникасы, Канада;

Бумрунград халықаралық клиникасы, Бангкок, Тайланд;

Анадолу медицина орталығы, Турция;

Глениглс ауруханасы, Сингапур.

Джонс Хопкинстің қайырымдылығы

Әлбетте, бүкіл әлем Джонс Хопкинс госпиталінің елеулі жетістіктерін мойындайды. Соңғы 25 жыл бойына Американың ең үздік клиникасы атанып келе жатқан Джонс Хопкинс ауруханасы сонау 1889 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Клиниканың құрылуына филантроп Джонс Хопкинстың қайырымдылық танытып, 7 миллион долларын жұмсауы түрткі болған. (2013 жылы бұл сома 137 миллион долларға тең келер еді). Хопкинстің түпкі мақсаты – науқастарды емдейтін,  студенттерге емдеу ісін үйрететін әрі ғылыми ізденістермен шұғылданатын мекеме құру еді.

Джонс Хопкинс клиникасының әлем медицинасындағы алар орнын мынадан-ақ білуге болады. Мұнда тұңғыш рет хирургиялық перчаткалар қолданылды, әйелдерге медициналық білім беру ісі де алғаш рет осы ауруханада жүзеге асырылды.  Медициналық орталық қызметкерлерінің арасында эндонуклеаз рестрикцияларын, полиомиелит вирусының жаңа түрлерін ашқан, гендік инженерияның дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін Нобель сыйлығымен марапатталған мамандар да бар. 

Асклепиос – иннвациялық медицинаның эталоны

Әлемдегі ең инновациялық клиникалық бірлестік ретінде танылған Асклепиос концернінің құрамына 100-ден астам аурухана, шамамен 22 мың адамға арналған 40 күндізгі стационар кіреді. Германия, Еуропа мен АҚШ-тағы қызметкерлер құрамы 36 мың адамға тең. Жыл сайын Асклепиос орта есеппен миллион науқасқа қызмет көрсетеді.

Асклепиос клиникалары негізінен Гамбург пен соның төңірегіндегі шағын қалаларда орналасқа: Альтона, Бармбек, CardioCliniC, Харбург, клиника Норд (Оксенцолль / Хайдберг), Санкт Георг, Вандсбек, Вестклиникум Риссен, Бад Ольдеслое, Бад Швартау, Зильт. Мұнда дәрігерлер мен науқастарға барынша жағдай жасалған. Клиниканың әсіресе неврология, кардиология, висцеральдік терапия, хирургия, гастроэнторология, гепатология, онкология секілді бағыттардағы жетістіктері орасан. 

Әлемді таңқалдырған Анадолу

Ал Анадолу орталығын беделді журнал не үшін таңдады? «Healthcare Global» журналының редакциясы «Сүйек кемігі майын трансплантациялау орталығы мен IMRT мен Киберпышақ технологияларын қолданудың арқасында Анадолу ауруханасы әлемдік деңгейдегі онкология саласының көшбасшысына айналды» деп жазады. Сонымен қатар, MTQUA  (медициналық туризмнің сапасын бағалау жөніндегі халықаралық альянс) Анадолу клиникасын әлемнің үздік госпитальдары тізімінде төртінші орынға лайық деп тапты.

«Healthcare Global»  журналындағы мақалада 2005 жылы құрылған Анадолу медициналық орталығының Американдық атақты Джон Хопкинс ауруханасымен арадағы стратегиялық әріптестік қатынастары жайында айтылады. Бұл тек білім алу мен сапаны арттыру мақсатындағы әріптестік емес. Екі орталықтың арасында орнаған байланыстың тығыздығы соншалық, бірлескен зерттеулер, пациенттерді оқыту мен салааралық емдеу ісі  де жүргізілуде.

Анадолу клиникасының мұндай жетістіктері халықаралық беделді сарапшылар мен медиктерді таңқалдырмай қоймады. Анадолу Групп компаниясы атқарушы кеңесі мен Анадолу қорының төрағасы Тунджай Озилхан медициналық орталықтың жетіктіктеріне ризашылығын білдіріп отыр: «Денсаулық сақтау саласы - біздің ерекше назарымыздағы сала. Осы күнге дейін біз Анадолу медициналық орталығына 250 миллион доллар көлемінде инвестиция жұмсадық. Орталықтың жетістіктері біздің дұрыс жолмен келе жатқанын айғақтайды. Анадолу медициналық орталығы әрқашан да әлемнің ең үздік ауруханаларының қатарынан көрінетін болады», дейді Тунджай Озилхан.

Анадолу клиникасы – Стамбулдың маңындағы шағын қалада орналасқан көпсалалы медициналық орталық. Мұнда әлемдік деңгейде танылған профессорлар қызмет етуде.  Мәселен радиолог профессор Кайыхан Энгин (Техас штатындағы Андресен рак орталығының профессоры), онкоуролог Джемиль Уйгур (Кливленд клиникасының профессоры), кардиолог Сертач Чичек секілді медицина әлемінде кеңінен танымал мамандар қызмет етуде. Жалпы, орталықта 116 дәрігер, 230 медбике мен 20 координатор қызмет етуде. Координаторлар орыс, ағылшын, қазақ, араб, испан, неміс, француз тілдерін еркін меңгерген. Ауруханада 209 бір орындық палата, 59 жансақтау және 8 операциялық бөлмесі бар. Тиімді операциялар мен диагностиканы жүргізу мақсатында ең соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар орнатылған. Оның ішінде роботтандырылған Да Винчи хирургиясы (жылына 160 операция), Түркиядағы тұңғыш кибер-пышақ, MRT, 3D-CRT, SPECT, DEXA, ПЭТ-КТ, МРТ (3 тесла) секілді техника түрлері жұмыс істеуде. Да Винчи роботтандырылған жүйесінің көмегімен торакальдық хирургия, гинекология мен урология салаларындағы хирургиялық оталар жасалады.  Анадолу медициналық орталығының сүйек кемігі майын трансплантациялау орталығы 2010 жылы ашылып, күні бүгінге дейін 1000  астам күрделі ота жасап үлгерді.

Соңғы кездері Анадолу клиникасына әсіресе ТМД елдерінен келушілер көбейді. Қызмет көрсету сапасы американдық стандартқа сай болғанымен, төлемақысы әлдеқайда арзандығы да өз әсерін тигізуде. Айта кетерлігі, клиниканың дәрігерлері күрделі операциялардан бас тартпайды. Осыдан біраз жыл бұрын мынадай оқиға орын алған екен. Анадолу клиникасына Қазақстаннан Президент Назарбаевтың жеке ұшағымен өте нашар халдегі екі айлық нәресте жеткізілді. Ол олигархтың қызы емес, қарапайым ғана отбасыда туылған бүлдіршін. Жағдайы тым ауыр болғандықтан шұғыл түрде ұшақпен жеткізу қажет еді. Дәрігерлер нәрестеге жүрек ақауы, 4-ші типтегі жалпы артериалдық өзек, пневмония мен сепсис деген диагноз қойды. Шетелдік бірталай клиникалар, оның ішінде Германияның ауруханалары оны қабылдаудан бас тартты.  Үш сағатқа кешіккенде бүлдіршінді құтқару мүмкін емес болатын. Алайда, профессор Сертач Чичек сәтті операция жасай білді. Жалпы, ол жүргізген шунттау оталарының 99,8 пайызы сәтті аяқталады екен. 

Түркияның осылайша тек танымал туризм орталығы емес, жоғары технологиялық медицина мекеніне айналуында Анадолу клиникасының сіңірген еңбегі зор.  Бұған дейінгі жылдарда медициналық туризмнің негізгі бағыттары көбінесе Израиль мен Германияны қамтитын. Білікті мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда бұл стереотиптер өзгеріске ұшырауда, себебі шын мәнінде Израильдік медицинаның нақты жетістіктерінен гөрі жарнамасы мықты болып тұр. Мамандар «Израиль мен Германияға бармастан бұрын жақсылап зерттеп алыңыз. Себебі, бұл елдердің медицинасында делдалдар тым көп, интернетте агрессивті маркетинг жүргізіледі. Яғни, нақты жетістіктерінен гөрі жарнамасы басым. Ал шын мәнінде JCI сертификатына ие израильдік ауруханалардың саны бар болғаны үшеу ғана» дегенді айтады. 

Гарвард ғалымдары таңғажайып жаңалық ашты
Қыста ағзаға қажетті дәрумендер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу