Заң жүзінде неке қандай жағдайда бұзылады?
Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де өтiнiшi бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп танылған жұбайдың қорғаншысының өтiнiшi бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкiн. Некенi әйелдiң жүктiлiгi кезеңiнде және бала туғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде әйелдiң келiсiмiнсiз бұзуға болмайды.
Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некенi бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бiр-бiрiне мүлiктiк және өзге де талаптар қоймайтын ерлi-зайыптылардың некенi бұзуға өзара келiсуi жағдайында жүргiзiледi. Ерлi-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша, егер ерлi-зайыптылардың екiншiсiн:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабiлетсiз деп таныса;
3) қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзылады.
Некенi сот тәртiбiмен бұзу келесi жағдайларда iске асырылады:
1) ерлi-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;
2) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi бұзуға келiсiмi болмаған кезде;
3) егер ерлi-зайыптылардың бiреуi өзiнiң қарсылығы болмауына қарамастан, некенi бұзудан өз әрекеттерi не әрекетсiздiгi арқылы жалтарса;
4) ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне мүлiктiк талаптары болған жағдайларда.
Егер сот ерлi-зайыптылардың одан әрi бiрлесiп өмiр сүруi және отбасын сақтауы мүмкiн еместiгiн анықтаса, неке сот тәртiбiмен бұзылады. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi бұзуға келiсiмi болмаған жағдайда, сот ерлi-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлi-зайыптыларға татуласу үшiн арнайы мерзiм тағайындай отырып, iстi қарауды кейiнге қалдыруға құқылы. Егер ерлi- зайыптыларды татуластыру жөнiндегi шаралар нәтижесiз болып шықса және ерлi-зайыптылар (олардың бiреуi) некенi бұзуды талап етсе, неке бұзылады.
Некенi сот тәртiбiмен бұзу кезiнде ерлi-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерiнiң қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртiбi туралы, бұл қаражаттың мөлшерi туралы не ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы келiсiм ұсына алады.
Егер ерлi-зайыптылардың арасында жоғарыда аталған мәселелер бойынша келiсiм болмаса, сондай-ақ ол келiсiм балалардың немесе ерлi- зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн бұзатындығы анықталса, сот:
1) неке бұзылғаннан кейiн кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндiрiлiп алынатынын белгiлеуге;
3) ерлi-зайыптылардың (олардың бiреуiнiң) талап етуi бойынша олардың бiрлескен ортақ меншiгiндегi мүлiктi бөлудi жүргiзуге;
4) екiншi жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуi бойынша осы асырау қаражатының мөлшерiн айқындауға мiндеттi.