Казиноны алдаған адам

Oinet.kz 20-11-2019 905

Чарльз Уэллс — Монте-Карлодағы казиноны банкротқа ұшыратқан ойыншы. Оның есімі жалпақ жұртқа 1841 жылдары жайыла бастады. Баюдың оңай жолын іздеген ағылшындық  инвесторларға өзін кәсіпкер, өнертапқыш ретінде таныстырып, ірі көлемде ақша жымқырып отырған. Ұрлықы ақшаны казиноға жұмсайды. Чарльздің жұлдызы алғаш рет  1891 жылы Монте-Карлодағы казинода жанады. Ойын басында оның қалтасында небәрі 4 мың фунт болған еді. 11 сағаттың ішінде ол миллионннан көп франк ұтып алады. Бұл Монте-Карло тарихындағы ең үлкен ұтыс еді. Кім біледі, казинода фишкалар таусылып қалмағанда жолы болғыш ойыншының табысы одан да көп болар ма еді?! 

Screenshot_13.jpg

Байлыққа кенелген Чарльз әлгі казиноға бір айдан кейін қайта келеді. Шығынға ұшыраған казино бастығы оның алаяқтығын бақылау үшін детектив жалдауына тура келеді. Бұл жолы ойын бақандай 3 күнге созылады. Уэллс ұтысын тағы да миллион франкке көбейтеді. Алайда детектив оның ойынынан алаяқтықты байқай алмады. Кезекті ұтыстан кейін Чарльздің есімі бүкіл елге танылып, жер бетіндегі ең бай адамдардың қатарына қосылады. Дегенмен «көп асқанға бір тосқан» дегендей казиноқұмардың үшінші ойыны сәтсіз аяқталып, түрмеге жабылады.  Абақтыдан шыққан алаяқ 1926 жылы кедейліктен көз жұмады.  

Басын 180 градусқа бұра алатын жалғыз адам
Мэрилин Монроның өкпесінің рентген түсірілімі аукционда 45 мың долларға сатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу