Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Әлемдегі ең қымбат ер адам костюмі: Diamond Armor. Ол 3 миллион 200 мың АҚШ долларына бағаланып, Гиннес Рекордтар кітабына енген. Бұл костюмді Швейцариялық Suitart фирмасы тіккен. Оның басты ерекшелігі – оқ өтпейтіндігінде. Сондай-ақ костюмді жаңбырлы күндері киген дұрыс. Себебі ол су өткізбейді. Жазда да кие берсеңіз болады. Өйткені костюмнің желдеткіші бар. Diamond Armor-дың құнын көтеріп тұрған тағы бір нәрсе – түймелері. Олар сапалы темірден жасалған және түйменің айналасы қара бриллианттармен әшекейленген. Ия, мұндай костюмді кигенде арманда, кимегенде арманда шығар.