Құтыру - зооантропоназды ауру

Oinet.kz 03-10-2019 2198

0A15E59A-E877-4792-A4E8-00A0144890CB.jpeg

Құтыру тек жануарға емес барша адамзатқа залалды індет болып табылады. Ауруға әр елде, әр континентте әр түрлі жануарлар шалдығады. Оны тасымалдаушылардың түрлері де әр турлі. Мәселен, Үндістанда бұл ауруға түлкі, қорқау тәрізді ит, шүйе бөрі, мангуст және күзен, Иранда — асқыр, АҚШ-та түлкі, аққұлақ, сусар, Нигерияда — алатышқан, Заполярьеде — лемминг шалдығады. Оңтүстік Америка, әсіресе Бразилияда аурудың негізге тасымалдаушысы қан сорғыш вампир, АҚШ пен Югославияда — насеком қоректі жарқанат. Мал түліктерінің ішінде құтыруға ең бейімі — ірі қара, одан кейін қой, жылқы, ит, шошқа т. б.

Құтыруға қарсы тұңғыш вакцина жасап, оны адамға еккен ұлы Пастер (1884) болатын. Құтырма - бұл вакцина арқылы қорғанатын вирустық ауру, ол 150-ден астам елдер мен аймақтарда кездеседі.

Дәрігер - адам баласын емдесе, мал дәрігері – адамзатты емдейді. Қай ауруды алып қарасақта, зерттеу негізінде барлық адам аурулары жануарлардан жұғатыны анықталды. Сондықтан да адамдарға сол кеселдер жұқпас үшін мал дәрігерлері, яғни біздер жоғары дәрежеде білімді игеріп, жақсы жұмыс жасаумыз керек. Адамзаттың өміріне қауіп төндіретін, өліміне әкеп соғатын аурулардан сақтандыруымыз керек. Міне сондай аурулардың бірі – құтыру.

Құтыру - зооантропонозды ауру. Яғни, адамдар мен жануарлардың өміріне залал келтіретін аса қауіпті ауру, әдетте бұл сырқаттың дамуы құтырған ет қоректілердің үй жануарларын жарақаттауынан болады. Ал адамдарда үй жануарлары мысықтың, иттің қабуынан, кейде құтырған қасқыр не түлкі адамға тікелей шабуыл жасауына байланысты, тістеп алуы арқылы сілекейден жұғады. Жер шарының көптеген елдерінде қазіргі уақытта жануарлардың құтыру ауруына көп шалдығуы негізгі ғаламдық проблемелардың біріне айналып отыр. Ол жүйке жүйесін зақымдап, шашыранды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті түрде өтетін өте қауіпті жұқпалы ауру. Құтырма ауруының вирусы жануардың сілекейі арқылы бөлінеді. Осылайша, олар қауып алғанда, сондай-ақ тырналған, сыдырылған жеріне сілекейдің түсуінен жұқтырып алуы мүмкін. Жарақатқа түскен вирус жұлын мен миды және барлық ағзаны зақымдайды. Вирус ағзаны зақымдаған сәттен ауру басталғанға дейінгі кезең 12 күннен 1 жылға дейінгі уақытқа созылуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы – рабдовирустар болып табылады. Рабдовирустар — құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар тұкымдастығы. Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар тізбекті, сырты липопротеид қабығына оралған, негативті, м. с, 4000000, оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына кіреді. Торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді. Рабдовирустар тұқымдастығы ішінде лиссавирустар туысы - құтыру ауруының қоздырғыштары болып табылады. Вирус малдың барлық түлігін, ал хайуандардан итті, мысықты, қасқырды, түлкіні, қарсақты, аюды, т.б. құтыру ауруына шалдықтырады. Аурудың вирусы құтырған малдың миында, жұлынында, сілекейінде көп болады. Аурудың негізгі таратушылары құтырған ит, мысық, түлкі, қасқыр. Ол тістеу арқылы берілумен және орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдануы белгілерімен, жіті өтетіндігімен сипатталады.


АИТВ/ЖИТС: Қалай алдын алу керек?
Ерте жүктіліктің алдын-алу өте маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу