Қуырылған жұмыртқа денсаулыққа зиян
Жұмыртқа адамдардың күнделікті өмірде ең көп тұтынатын тағамы. Ол қуырып та, асып та жей салғанға дәмді, әрі жеңіл әзірленеді Жұмыртқаны шикідей жемеген жөн. Себебі жұмыртқаны жоғары температурада қайнатқанда ғана ондағы бактериялар жойылатындығын есте ұстаңыз. Түнде пісіріп қоятын жұмыртқаңыз шала піскен болмауын қадағалаңыз. Себебі түнде пісіріп қойсаңыз оның ішінде таң атқанша бактериялар көйбейіп кетеді, ол асқазан, ішек-жолдарына зиян. Ал толық пісірілген жұмыртқаны түнде дайындап қойғанның еш зияны жоқ. Алайда жұмыртқаны қанша қайнатса, сонша жақсы деп қарамаңыз. Себебі жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда күкіртті темір қалыптасады, мұндай затты адам ағзасы оңайшылықпен қабылдай алмайды. Сондай-ақ аш қарында жұмыртқа жемеген жөн. Себебі жұмыртқада ақуыз өте көп. Дәрігерлер майға қуырылған жұмыртқаны жемеуге кеңес береді. Өйткені оны майға қуыру барысында құрамындағы ақуыз ұсақ молекулалы амин қышқылына айналады. Ал мұндай амин қышқылы адамды қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін.