Нұр-Сұлтанда медицинадағы жемқорлық өршіп тұр

Oinet.kz 28-02-2022 4136

OINET.KZ-Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында медициналық жабдықтарды сатып алу – бюджет қаражатын жымқырудың көзіне айналғанын мәлімдеді. 

Screenshot_15.png

Бұл ведомствоның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тексерген кезде анықталған. 

Жалпы 2021 жылы 71 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Жемқорлық құқық бұзушылықтың негізгі үлесі ұрлау, пара алу, қызметтік өкілеттілігін шектен тыс пайдалану деректеріне тиесілі. Сондай-ақ медициналық үстеме төлеуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатсыз жұмсау, мониторингтік топтардың жұмысында құқық бұзушылықтар, жалған электрондық вакцинация құжаттарын беру деректері анықталды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ министр құқық бұзушылықтар қай өңірлерде кездесетініне тоқталды. 

Құқық бұзушылықтар көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Түркістан, Алматы, Ақмола, Қостанай облыстарында кездеседі. Біздің салада жемқорлықты анықтауға нөлдік шыдамдылық саясаты жалғасын табуда, - деді Ажар Ғиният. 

Зейнетақы төлемін балаларының еміне пайдалануға рұқсат беріледі
Атеросклероздың алдын алуға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу