Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Кентау қалалық орталық ауруханансың инфекциялық бөлімінде қазіргі таңда коронавирус індетімен 18 науқас ем қабылдауда. Атап айтқанда, 3 бүлдіршін, 1 жүкті әйел және 1 жаңа босанған әйел. Ауыр жағдайда 2 науқас тіркелген.
- Көпшілікке барма деген дұрыс екен негізі. Барма десе бармау керек. Денсаулыққа ештеңе жетпейді. Жақсымын - дейді емделушілердің бірі.
- Түскен кезде қатты ауырдым. Жөтел қатты болды, қысылдым, қиналдым. Қазір бәрі жақсы. Дәрігерлер жақсы қарады - дейді келесі емделуші келіншек.
Хасан Әбілмүслімов
- Науқастардың негізгі шағымдары демалудың қиындауы. Ұзақ мерзімді бір аптадан астам дене қызуының жоғарылауы және жөтелге шағымданып келеді негізінде. Жалпы әлсіздікке. Вакцина қабылдап 18 науқастың ішінен 2 науқас қана вакцина қабылдаған. Қалғандары вакцинадан бас тартқан науқастар. Вакцина қабылдағандардың ауру ағымы қабылдамағандарға қарағанда жеңіл өтуде және олар кислородқа тәуелді емес - дейді инфекционист дәрігер Хасан Әбілмүслімов.
Сақтық шараларын сақтау өзекті мәселе. Коронавирус әндетінің түрленіп жаңа штамдардың алдын алу мақсатында ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін екпе қабылдаудың маңызы зор.