Балаға музыканың әсері қандай?

Oinet.kz 03-08-2020 1621

Музыка сабақтары балалардың ақыл-ойына пайдалы. Бүлдіршіннің  есте сақтау қабілеті, зейіні, сөйлеу мәдениетіне оң әсер етеді. Тіпті перзентіңіздің оқу үлгерімін жақсарта түседі деп ойла келдік. 

муз.jpg

Жақында Memory & Cognition-да жарияланған мақаланың авторлары балаларға арналған музыканың пайдасы өте асыра сілтеп айтылған деп санайды. Зерттеушілер 1986 жылдан 2019 жылға дейін шыққан 54 ғылыми жұмысты талдады. Музыкамен айналысатын балаларды музыкамен айналыспайтын балалармен салыстыру тар ауқымда.  Сонымен қатар оларды басқа нәрселермен айналысатын балалармен: би, спорт және т.б. салыстыру керек. Сонда музыканың жалпы интеллектке, жалпы қабілеттердің дамуына әсер етпейтіні белгілі болды. Музыкамен айналысу аса әсер етпейді. Яғни, бала музыкалық талғамға ие болады, моториканы жақсартады, өзін-өзі жоғары бағалайды. Бірақ, ол математикада үздік болады деген  сөз емес. Музыканың басқа оқу пәндеріне тигізетін пайдасы туралы пікір дұрыс жүргізілмеген зерттеу нәтижесінде туындаған.  

Мадақтаудың жадқа әсері қандай?
Тамақтану арқылы бетке қалай күтім жасаймыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу