Балалар жарақаты және оның алдын алу

Oinet.kz 25-05-2020 1433

Жарақаттану – соққы алу немесе құлағаннан терінің бүтін қалғанымен де, мүшелер мен тіндердің зақымдалуы. Егер, мысалы, сен шалынып құлап, тізеңді ұрып алсаң, ол ауырып, тізең ісіп, көгеріп қалады. Айтпақшы, көгеру ғылыми тілде қанды ісік немесе қанталау деп аталады. Жарақаттанудың жеңіл және ауыр түрі болады. Жеңіл жарақаттану қатты ауырмайды және көгермеуі де мүмкін. Мұндай жарақат тез жазылады және дәрігер де қажет емес. Ал жарақат ауыр болса, бүйрек, бауыр және басқа мүшелер де зақым алуы мүмкін. Әсіресе мидың зақым алуы қауіпті. Мидың сенің ағзаңдағы ең маңызды және күрделі мүше екенін білесің. Мұндай жағдайда бастың қатты ауыруы, тіпті есіңді жоғалтуың мүмкін. Ауыр жарақатты тек ауруханада ғана емдейді.

1556779462837120.jpg

Сүйегің сынса, қақсап ауырып, ісініп, өзінің формасын өзгертеді. Қол, аяқ, дененің қалыпты қозғалысы бұзылады. Жабық және ашық сынық болады. Егер сынған жердің терісі сау болса – жабық сынық. Егер терісі зақымдалып, қан кетіп, жарақан сүйектің сынығы көрінсе, ашық сынық деп аталады. Ол жабық сыныққа қарағанда қауіптірек, себебі жараға инфекция түсуі мүмкін.

Әсіресе мидың зақымдалуы қауіпті. Сақтық тудыратын қауіпті белгілер – ұйқысырау, тәбеттің болмауы, жүректің айнуы, бастың ауыруы. Мұндай жағдайда бастың қатты ауыруы, тіпті есіңді жоғалтуың мүмкін. Ауыр жарақатты тек ауруханада ғана емдейді. 2-3 жастағы белсенді жүгіріп, секіретін балалар алаңдарда төбешік, әткеншек пен басқа құрылымдардан жиі құлап жатады. Әдетте олар сындыру, іш пен бастың жарақат алуына қауіпті 1-3 метрлі биіктік. Көп таралған жарақаттардың бірі – ерінді зақымдау. Байқамай құлап немесе соққы алудың нәтижесінде қанды ісік пайда болып, ерін ісіп, ауырып қанайды. Егер жарақат қауіпті болса, міндетті түрде дәрігер шақыру қажет.

Күйік 

Күйік тек оттан ғана емес, қайнаған су, будан (мысалы, қайнап тұрған шәугімге) немесе қызған заттарға (үтік, электрплиткасы, пештен) де пайда болады. Тіпті күнге де күйіп кетеді. Егер күнге ұзақ күйсең, терің қызарып ауыратынын байқаған боларсың? Бұл – күнге күйген. Күйіктің де түрлері көп болады. Егер тері жай қызарып ауырып қалса, ол онда бірінші дәрежелі күйік. Екінші дәрежелі күйікте күлдіреп қалады. Үшінші дәрежелі күйік терінің барлық қабатын зақымдайды. Терінің бірнеше қабаттан тұратынын білетін боларсың. Тері күйіп қалады. Күйіктің ең ауыры – төртінші түрінде тіпті бұлшықет пен сүйек те күйіп қалады. Міндетті түрде үлкендерді көмекке шақырып, дәрігерге жүгіну қажет.

Суға бату 

5 жастан кіші балалар суға батуда аса қауіпті топты құрайды, одан кейінгі топқа 15-19 жастағы жасөспірімдер жатады. Екінші жағынан аталған жастағы балалар көп қозғалатын және білуге құмар, бірақ қауіптің алдын алу немесе түсіну дағдысы даму үшін әлі кішкентай болғандықтан, ересектердің көзінен жиі таса болып, жақындағы су қоймасына барады немесе құлайды.

Жәндіктердің шағуы

Біздің айналамызда мыңдаған жәндіктер бар. Олардың көбінің адамдарға зияны жоқ, дегенмен жағымсыздық тудыратындары да бар. Жәндіктер (сона, ара) шаққанда зақымдалған жерге жәндіктің бізгегі арқылы у түсіп, қанмен барлық ағзаға тарайды. Егер адамды сона немесе ара шақса, шағып алған жер қатты ауырып, қызарып және ісінеді. Кейбір адамдарда жәндік шаққанда аллергия болуы мүмкін. Сона тосап, бал немесе компот бар банкіге түсіп, қарбыз немесе қауынның тіліміне қонып алуы мүмкін. Егер оны байқамай қалса, ол ауызға кіріп, міндетті түрде шағып алады.

Бастан, тіл мен еріннен шаққан қауіпті. Жәндіктер оларға тиіспесең, ұясын бұзбасаң, қақпасаң шақпайды.

Улану

Ауру мен жарақаттан басқа адам өміріне аса қауіп тудыратын улану болып табылады. Улы заттектер адам ағзасына үш жолмен түсуі мүмкін: тері немесе көз, тыныс алу мүшесі, жұту. Ағзаға ауыз арқылы түсетін улар ерін, ауыз қуысы, өңешті күйдіруі мүмкін. Ағзаға тыныс алу арқылы түсетін улар тыныс алудың бұзылуын тудыруы мүмкін. Ішекке у түссе іштің өтуі, құсу және іштің қатты ауыруы мүмкін. Миға түссе адам сіресіп, есін жоғалтуы мүмкін. Сен айналаң толған у екенін ешқашан ойламаған да боларсың. Мысалы, үйдегі дәріқұтыға қара. Дәрілердің барлығы егер оларды дәрігердің рұқсатынсыз және біреуінің орнына 10 дәрі ішсең улануға алып келуі мүмкін. Тіпті әдемі және тәтті дәрілердің өзі оалрды қажетінен көп ішсе у болуы мүмкін. Қоймаға барайық. Міне бояу, езгіштер, жәндіктер мен кеміргіштермен күресуге арналған құралдар, кір жуғыш ұнтақ, ағартқыш. Бұл қажетті «үйге арналған химия» да дұрыс қолданбасаң, улануға болады. Кейбір шөптер, жидектер мен саңырауқұлақтар да улы. Тіпті бұзылған азық-түліктер (мысалы, егер пайдалану мерзімі өтсе) улануға әкелуі мүмкін.

Теледидар

Теледидардың құлауынан 3-4 жастағы балалардың жарақаттануы жиілеп кеткен. 4 жасқа дейінгі балалар құлап келе жатқан теледидардан қашып үлгермейтіндіктен, соққы басына тиеді. Үлкейе келе олар одан шетке қашқанда, көбінесе аяқтарын жарақаттайды. Жарақат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балалардың жатын бөлмесінен теледидар, бейнеойындарды алып тастау қажет.

Сақтық шаралары:

- Сыпырып алуға болатын дастарқан немесе материал жабылған заттың үстіне теледидар қоюға болмайды;

- Теледидарды керегеге немесе басқа тиісті жерге бекітілмеген биік жиһаздың үстіне (мысалы, шкафқа) қоймау керек;

- Теледидарға жету үшін жиһазға шығамын деп қандай қауіпке тап болатынын балаларға ескертіп айту қажет.

Кіретін, кесетін құралдардан жарақаттану

Көбінесе көзді зақымдау кездеседі. Мұндай зақымның салдарынан көздің бүтіндігі ғана емес, қызмет ету мүмкіндігі де бұзылады. Көз алмасының жарақатының белгілері бойынша бөлуге болатын бірнеше түрі бар:

1. Бөгде заттардың (ұсақ заттар, жәндіктер, химиялық заттардың) көзге түсуі. Мұндай жағдайда пациенттің көзі жасаурап, көзін жұмғанда түйіліп ауырады.

2. Сыртқы механикалық әсерлерден (шайқалу, басу, үшкір және өткір құралдардың әсері, оқ тиген немесе басқа да жаралар). Буға, жалынсыз от пен ыстық затқа, отқа күю.

3. Үсу. Аталған жағдайда көз күйгеннен басқа өте төмен температураның да әсеріне шалдығады (суық сұйықтық, желдің әсері, көздің салқын затпен байланысы).

4. Химиялық күю. Түрлі химиялық заттармен, көбінесе сілті мен қышқылдармен байланысқанда туындайды, сонымен қатар желім, әк, цемент пен еріткіштерді пайдаланғанда көздің жарақат алуы мүмкін.

5. Көзге ультракүлгін сәуленің әсер етуі (көздің бұлай зақымдалуы күннің астында көп жүргеннен, сондай-ақ жасанды жарық көзінен, оның ішінде кварц немесе қарапайым шамнан да болуы мүмкін).

Көбінесе көздің зақымдалуы тұрмыстық жағдайда орын алады, мұндай жағдайда зардап шеккен адамға жедел көмек көрсету қажет.

Қалай көмектесу керек?

Көзге химиялық заттар түскен жағдайда дәрігералды көмек көрсетуге ағып тұрған салқын суға 10-15 минут бойы көзді жуу қажеттілігі жатады, бірақ бұл тек алғашқы көмек шаралары, бұдан кейін жедел кәсіби көмек көрсететін дәрігерді шақыру қажет.

1. Күю

- тамақты пештің артқы көзіне дайындауға тырысыңыз немесе таба/шөміштің құлағын іш жағына айналдырып қойыңыз және ұзын дастарқан салынған үстелге ыстық тағамды қоймаңыз;

- тез жанатын сұйықтықтарды, сіріңкелерді, майшамдарды, оттықтарды, бенгал отын, петардтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз және балаларды алаудың, жанып тұрған майшамның, жарылып жатқан петардтан аулақ ұстаңыз;

- баланы шомылдырар алдында судың температурасын міндеттті түрде тексеріңіз; 

- баланы күннің көзінен, күн мен жылу тиюден қорғаңыз.

2. Биіктен құлау (5 жасқа дейінгі балалардың 20 пайызы зардап шегеді)

- ашық терезе мен балкондарға балалар шыға алмауы қажет: сенімді қоршау, тор жасаңыз (масаға қарсы тор жалған қауіпсіздік сезімін тудырады), жақын жерге орындықтарды қоймаңыз, баспалдақтың жанына да қорғаныс орнату қажет; 

- баспалдақ аралығы, шатыр, гараж, құрылыс және т.б. қауіпті жерлерге балалардың «шығуына» рұқсат бермеңіз.

Сақтық шаралары:

1. Масаға арналған тор құлағаннан қорғамайды, тор қатты бекітілмеген.

2.Бөлмеден шыққанда немесе бала ойнап жүргенде терезені жауып қойыңыз.

3. Суға бату

- Балалар 2 минуттан да аз уақытта аздаған судың өзіне батып кетуі мүмкін – құдықтарды, ваннаны, бөшкелерді, суы бар шелектерді және т.б. мықтап жауып қойыңыз;

- Балаларды суға жүзуге ерте үйретіңіз, кез келген суда демалғанда балаларға арналған құтқару жилетін міндетті түрде қолданыңыз, су қоймаларының қасында баланы бір минут та қараусыз қалдырмаңыз.

- Баланы шомылдырғанда суға арналған термометрмен судың температурасын өлшеңіз.

Тоқтан жарақат алу. Тағы бір көзге көрінбейтін қауіп әр үйде жасырын. Бұл қауіп-қатер – тоқ соғу немесе тоқтан жарақат алу. Егер тоқ аз және қысқа соқса, адам қатты және жағымсыз ғана ауруды сезінеді. Егер тоқ қатты соқса, онда тоқ сымы тиген адамның терісі қызарып, сезбей қалады және тіпті қатты күйіп қалуыда мүмкін. Тоқ соққанда бүкіл ағза зардап шегеді. Бірінші кезекте – жүйке жүйесі, сондай-ақ жүрек пен тамырлар. Тоқтан қатты жарақат алу адамның өліміне әкелуі мүмкін. Бұзылған тоқтың сымынан, жасалмаған электр құралдарынан (тоңазытқыш, кір жуғыш мәшине, магнитофон, үстел шамы), бағанадан салбырап тұрған жұлынған электр сымынан тоқ соғуы мүмкін. Соңғы уақытта резеткеде қалған ұялы телефонды қуаттаушыға күйген оқиғалар жиілеп кетті.

Ересектердің назаралары үшін маңызды – балаларға қауіпсіз өмір салтын көрсетіп, барлық жағдайларда өзін-өзі дұрыс ұстану керек. Ересектердің жүріс-тұрыстары келешекте балаларына үлгі болатынын есте сақтау керек!

М.ШАЛМУХАНБЕТОВ,

№1 Шымкент қалалық емханасының хирург дәрігері

Алкоголь ұлттымызға қауіп төндіріп тұр
Профилактика острых кишечных инфекций
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу