«Балалар жылының» ашылу салтанатына арналған брифинг өтті

Oinet.kz 08-04-2022 1580

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, Барыс жылын, яғни биылғы 2022 жылды  "Балалар жылы" деп жариялады.

Screenshot_4.jpg

Осыған байланысты, 2022 жылғы  күні 7 сәуір күні Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің  ұйымдастыруымен  аудандық  «Жастар сарайында» «Балалар жылының» ашылу салтанатына  арналған брифинг  өтті. Брифингке аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі,  аудан әкімдігі, қоғамдық ұйым өкілдері,мектеп басшылары,  мұғалімдер,оқушылар қатысты. Брифинг «Бақытты бала-бақытты ел» бейнежазбасын көрумен басталды. Брифингті С.Ысқақов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Тасболат Бақдәулет жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы алғы сөз алып, «Балалар жылымен» құттықтап, Президенттің «Балаларға ерекше назар аудару керек, себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі,- дегенін тілге тиек ете отырып, балалардың жарқын болашағына сенетінін  білдіріп шараны ашып берді.

Бүгінгі брифингті ұйымдастырып отырған аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы Қазақстан үшін балалардың бақытты болуы маңызды екенін, өйткені, ел ертеңі, болашағы балалар екенін, сондықтан, балаларға мемлекет тарапынан әсіресе, білім, ғылым үйренуге ерекше мән беріп, жағдайлар жасалып жатқанын, жаңа типтегі мектептер салынып, оқу бағдарламаларына сай, заманауи  техникалық құралдармен жабдықталғанын, осындай мектепте білім алу- балалар біз үшін үлкен бақыт екенін айтты.

Балалар жанашыры, ауданның «Құрметті азаматы», аудандық әйелдер  кеңесінің төрайымы Тайтелиева Гуля  - Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген сөзін  есте ұстап ескеріп отыратынын айта келе, өмірден түйгендерінен  балаларға келелі кеңестер ұсынды.

«Балалар жылында» Мәдениет және спорт министрлігінің былтырғы бастамасы – «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жалғасын тауып отыр. Осы орайда әдебиет сүйер оқушыларымыздың көркем оқуына, өнеріне кезек берілді. Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары-Тәжібек Балауса, Оразбек Нұрфатима, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның оқушылары -Өміртай Нұртай, Әліпбек Балнұр, Әлімқұл Жаннұр, Ұласбекқызы Нұршапағат, Ұласбекқызы Кәусар өз шығармаларын оқып, ән салып өнерлерін ортаға салды. Жүргізуші балалардың  еліміздің символы  «Барыстай» мықты болулына тілектестігін білдіріп, «Балалар жылының» ашылу салтанатына арналған брифингтің аяқталғанын, бірақ «Балалар жылының» іс-шаралары жыл бойы жалғасатынын ескертті. Брифингке қатысушылар естелікке суретке түсті.

Тұлға тәрбиесі неден басталады
Ordabasy: Шұбар ауылында тындырымды істер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу