Тұмаудың асқынуы көптеген ауруды тудырады
Тұмау – антропоноздық респираторлық вирустық жіті инфекция. Тұмаудың вирусы оңай жұғады. Тұмауға шалдыққан науқас адам өзара әңгімелескенде, есінегенде, жөтелгенде оның түкірігімен тұмау вирустары 1,5-3 метр қашықтыққа дейін таралуы мүмкін. Сонымен қатар, тұрмыстық жолмен де тез таралуы мүмкін. Инкубациялық (жасырын) кезеңі 2-5 күнге созылады, ал кейбір кезде бірнеше сағатқа дейін қысқаруы да мүмкін. Дене қызуының 39-40С көтерілуі, әлсіздік, қалтырау, бас және тамақ ауыруы, мұрынның бітелуі және бұлшық ет пен буынның қақсауымен сипатталатын ауру. Тұмау ауруының жедел респираторлы вирусты инфекциясынан бір айырмашылығы көптеген асқынулармен аяқталатындығы. Тұмау ауруының асқынуларына құлақ, мұрын, тамақ ауруларының, сонымен қатар, созылмалы жүрек, қан-тамыры, өкпе, жүйке жүйесінің ауруларының өршуі жатады.
Тыныс жолдары ауруларының алдын алу шаралары;
- эпидемия қарсаңында вакцинамен жоспарлы егу;
- интерферонды, басқа да иммуномодуляторларды алдын алу үшін қолдану;
- ең бастысы тұмаудан эпидемиологиялық маусым басталмай тұрғанда уақытылы тұмауға қарсы егуді алу;
- жеке бас гигиенасын сақтау, қолды әр бір іс әрекеттен кейін, тамақты жер алдында сабындап жуу;
- үйде желдету тәртібін сақтап, жиі-жиі желдетіп тұру;
- эпидемиологиялық кезеңде халықтың көп шоғырланған жерге барар алдында оксалин майын мұрынға жағуды ұмытпау;
- егер жанұяңызда жедел респираторлы вирусты инфекциясымен немесе тұмау ауруымен ауырған жағдайда үйге жергілікті емханадан дәрігер шақыртып, мамандандырылған ем алу:
- қарым-қатынастағыларға жұқтырмау үшіін бір реттік бет перде қолдану, бет пердені әр 3 сағат сайын ауыстырып, қолданған бет перделерді балалардың қолына жеткізбей, тез арада жою.
Ж.КӨМЕКОВ,
Жетісай медицина колледжі,
Мейіргер ісі бөлімінің меңгерушісі