Ежелгі Римде құл ретінде дәрігерді ұстау сәнде болған
Ежелгі заманда құл ұстау қалыпты жағдай еді. Әдетте бай-манаптар құлдың денсаулығының мықтылығына, жұмысқа жарамдылығына мән беретін. Ал ежелгі римдік азаматтардың барлығы дәрігер-құлды асырауға құмар болған екен.
Құлдың медициналық білімі неғұрлым жоғары болған сайын иесінің абыройы соғұрлым асқақ болған. Мұндай құлдар ауыр жұмыстан босатылып, тек ем жүргізіп отырған.