Диарея тұмаудан кейінгі қауіпті ауру
Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалармен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Жедел ішек инфекциялары диареялық инфекциялар деп аталады. Қазіргі уақытта 60-тан астам қоздырғыштар анықталған. Аурудың негізгі пайызы балаларда кездеседі. Бұл әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады.
Жедел ішек инфекциялары қазіргі уақытта өте маңызды және қауіпті болып саналады. Себебі бұл дерт балалар инфекциялық ауруларының ішінде, жедел респираторлы аурулармен тұмаудан кейінгі екінші орынды алып отыр, ал балалар өлімінде төртінші орында. Әсіресе, 1 жасқа дейінгі балаларда өлім көрсеткіші жоғары болып келеді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері бойынша жыл сайын дүниежүзінде іш өту ауруларымен 5 миллионға жуық науқас тіркеледі, ішек инфекцияларынан және олардың асқынуынан 3 миллионға жуық бала қайтыс болады. Жедел ішек инфекциясы көбінесе күн жылығанда, жаз кезінде кездесетін ауру болып табылады. Жедел ішек инфекциясы жеке бас гигиенасын сақтамау, көкініс пен жемісті жумай пайдалану, сынымен қатар дұрыс пісірлмеген ет, балық кондитерлік өнімдер және сүт өнімдерін пайдалану салдарынан туындайды.