Темекінің қандай зияны бар?

Oinet.kz 23-12-2019 2071

Темекі тарту – халық арасында ғасырларға жалғасып келе жатқан зиянды әдеттердің бірі. Оны осы кезде еркек те әйелде, қартта жас та тартады. Құмарпаздар бір шылымды шегіп үлгермей екіншісін бастайды. Үлкендерге еліктеп папирос қалдықтарын балаларда аузына қыстырады. Бұл әдет алғашында еліктеу түрінде болғаны мен келе-келе олар әдетке айналып үйреніп кетеді. 

Құныққан адам ертемен төсектен көзін ашпастан темекіге ұмтылады. Көп адам темекіні жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, көшеде, далада, қарны ашса да, тамақ ішсе де шегеді. Үлкен-кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ. Ақиқатына келсек, оның ішінде никотин-дейтін нерв жүйесіне, ас қорыту,тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше у бар. Никотин суда тез ериді, сондықтан ол ауыздың, мұрынның,кеңірдек тарамдарының кілегейлі қабықшасына оңай сіңеді. Сонан соң сілекеймен бірге асқазанға, ішек қарын жолына өтеді. 

Screenshot_11.jpg

Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, кацерогенді және радиоактивті изотоптар бар. «Темекі шегу-адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» деген болатын орыстың белгілі фармакологы И.М.Догель. Өйткені адам баласында темекіге қажеттілік жоқ. Адамның шеккен алғашқы сигареті оның басын айналдырып, жөтелдіріп, жүрегін айнытып, басын ауыртып, көптеген жағымсыз әсерлер беретіні белгілі. Байқасаңыз адам табиғатының өзі оны сақтандырып тұрған тәрізді. Әйтсе де, жас адамның ересек көріну, қатарынан қалмау, кәнігі шылымқор болып көрінгісі келуі сияқты орынсыз тілектері оны шылымды үсті-үстіне шегуге итермелейді. Адам темекіге деген ағзасының табиғи жиренішті реакциясын жеңіп, ағзасын темекі түтініне үйретеді. Нәтижесінде темекінің улы әсері бірте-бірте әлсіреп, оның орнына қысқа мерзімді эйфория (жағымды әсер) басады.

Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал Африка мен Американың халқы оның дәмін бірнеше ғасыр бұрын татқан болатын. Темекінің Еуропаға кеңінен таралуына француз ғалымы Жан Нико да себептер болды. Ол теңізшілер әкелген темекіні өсіріп, өзінің атымен аталған «барлық ауруларға қарсы ем» – никотинді тапты. Алдымен темекі өсімдігінің сабақтарын кептіріп, ұнтақтап, оны иіскеу сәнге айналған еді. Кейіннен оны тұтатып шегу бұл «дәстүрді» ығыстырып шығарады. Бірте-бірте түрлі сигаралар, темекі трубкалары, папиростар мен сигареттер пайда болды. Бұл әдетте адамзат тарихыңдағы қасіретті қадам еді. Өйткені темекі шегу кезінде ауа оның жанып жатқан бөлігінен өтіп 500 градусқа дейін қызады. Табак ыстықпен құрғақтай өңделіп, оның құрамыннан бөлініп шыққан аммиак, көмір тотығы, шайыр, канцерогенді көміртегілер, радиоактивті изотоптар мен түрлі улы заттар түтінге қосылады. Сонымен бірге түтін өкпенің жалпы көлемі 100 шаршы метр болатын альвеолаларын тұтастай толтырады. Өкпе эпителийінің мұндай үлкен көлемімен жанасқан түтіндегі улы заттардың бөлшектері толығымен өкпе ткандеріне, қанға өтеді. Демек, темек шегу табактың компоненттерінің тыныс жолдарымен өте тығыз және толық жанасуы және зиянды әсер етуі болып табылады. Темекі түтіні-темекінің жануынан болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозаң және милимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түтінінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртегі тотығы, аммиак, күкірт-сутегі, формальдегид, фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын, мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер, құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың қайқайсысы болмасын, кез келгені адам ағзасына зияны тигізбей қоймайды.

Никотин – есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке (нерв) жүйесіне әсер етеді. Темекіні шегудің алғашқы кезеңінде, бір-екі минуттан кейін ол миға жетіп, оған жағымды (эйфория) әсер етіп, уақытша белсенділігін оятады. Адам эйфорияға беріліп, күш қосылғанын байқайды. Бірақ бұл қысқа мерзімді әсер ғана. Сондықтан адам темекіні үсті үстіне шегуге мәжбүр. Бірте-бірте ол ағзаның үйреншікті стимуляторы болып, адам өз әдетінің құлына айналады. Көміртегі тотығы қандағы гемоглобиннің эритроциттермен оңай және тез қосылып, өз орнын ағзаға қажетті оттегіне босатпайды. Осының салдарынан ағзаның барлық клеткаларында оттегі жетіспеушілігі туып, ми нейрондарыда зақымдана бастайды. Көгертуші қышқыл да ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудырады. Ол оттегінің клетка мембраналары арқылы өтуіне кедергі жасайды. Органикалық қышқылдар, сілтілер (аммиак) тыныс жолдары мен өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіріп, қабыну процесстеріне себепкер болады. Өкпе мен тыныс жолдарында жылбысқы сұйықтық көп бөлініп, оған микроорганизмдерден, оның ішінде туберкулезден қорғану механизімдері бұзылады. Жоғарыда аталған ауыр металдардың тұздары  өте күшті у болып табылады. Кадмий С дәруменімен қосыла отырып қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер болады. Бензопирен мен полоний, калий, висмут изотоптары – өте активті канцерогендер. Олар қалыпты сау клеткалардың өзін РАК клеткаларына айналдыра алады. Мысалы, полоний. Полоний – 210 изотопының жартылай ыдырау кезеңі 138 күн десек, ол осы уақыт бойы ағзаға радиациялық әсерін тигізіп отырады. Оның радиациясына төзе алмаған жәй клеткалар РАК клеткасына айналады. Адам ағзасында темекінің зиянды әсерінен зардап шекпейтін мүше жоқ десе де болады. Темекінің зиянымен күресуден әлсіреп, ауруға шалдығып, қызметі мен формасын өзгеріп жатқан мүшелерді толық атап шығу мүмкін емес. Жасөспірімдер ересек, сәнді көріну үшін темекі шегуге мәжбүр. Бірақ, оларды сырттан бақылап отырсаңыз, олардың бұл ересек болып корінуге тырысуы, «сәнділігі» қолдан жасалған үйлесімсіз, жасампаз күлкілі әрекет екендігін байқайсыз. 

Темекі шегетін жасөспірімдердің жүйке жүйесі нашарлайды, оларда ашушаңдық, тез әсершеңдік пайда болады. Ал олардың есте сақтау қабілеті мен зейін қойып ойлауы 5-7 пайызға төмендейтіні эксперименталды түрде дәлелденген. Демек, оқу қиындай бастайды. Оның үстіне мұндай оқушыға жақсы спортшы болуға жол жабық. Темекі шегу наркоманияғада бастайтын жол.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде 1,1миллиард шылымқор бар, олардың өмірі орташа өмір жасы темекі шекпейтін салыстырғанда 8-10 жылға кем. Шылым темекі шегудің салдарынан жылына 5 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600 мыңнан астамы балалар мен жасөспірімдер. Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді. Оның келтірген ңұқсаны ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге алғандағы келген зардаптан асып түседі.

Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары қыз-келіншектермен толыға түсуде. Бүгінде Қазақстандағы қыз-келіншектердің 9-8 пайызы нағыз темекі тартқыштар саналса, 12 жастан асқан балардың 7,5 пайызы темекіге әуестік дертіне ұшыраған. Бүгіңгі таңда қыз-келіншектердің арасындағы темекі тартушылық 18-25 жас аралығындағылар арасында өршіп турған жайы бар. Темекі шегетін қыздардың арасында темекінің кеңінен таралуы мода, сәнқойлық себепкер болып отыр. Темекіні шегетін қыздардың 60 пайызы бұл сұраққа «Бұл әдемі», «Темекі шегу сәнді, сексуалды», «басқаларға үнағым келеді, назарын аударғым келеді»- деп жауап берген. Бар жоғы бірнеше жыл ғана темекі шеккен қыздың бет терісінің құрғауы, бетінің сұрғылт сары түсі, сары тістер, сарғайған саусақ, демінің сасықтығы мен қырылдақ дауыс, беттегі әжімдер арқылы бірден танисыз. Мұның бәрі жасы жетпей қартаю, басқаша айтқанда никотинды косметика деп түсінуге болады.

Темекі шегу – жәй ғана сән немесе жаман әдет қана емес, бұл ағзаны тұрақты түрде зиянды заттармен уландыру. Шылымқор әйелдердің туған балалары әлсіз, бойы қалыптан 2 сантиметр аз, басссүйегінің көлемі, салмағы кем болып туылады. Бұл балалар 9-10 жасына дейін құрбыларынан физиологиялық және интелектуалды дамуы жағынан қалып жатады, жиі ауырғыш болады. Іштегі баланың ағзасынан улы заттардың бөлініп шығуы өте баяу өтеді. Сондықтан да оның қанындағы улы заттардың концентрациясы анасына қарағанда 1,5-2 есе артық болады. Демек, екіқабат әйелдің темекі шегу өзінен гөрі іштегі баласына анағұрлым қатерлі. Сонымен бірге тұрақты түрде улану (хроникалық интоксикация) ерте ме, кешпе әйелдің аналық ұрық клеткаларының гендік деңгейдегі хоромосомды аппаратының бұзылуына соқтырады. Бұл жағдайда тұқым қуалау қабілеті өзгеріп, іштей туа пайда болатын аурулар түрі көбейді. Мысалы, шылымқор ананың баласында жүректің патологиясы сау аналарға қарағанда екі есе жиі кездеседі. Сондай-ақ канцерогенді және радиоактивті заттардың генетикалық зиянды әсері бір екі ұрпақтан кейін де көрініс беру мүмкін. Темекіден бас тарту мен арақты тию адамзатты сауықтырудың басты жолдарының бірі деп түсінуіміз қажет.

Тұмаудан сақтанудың 10 амалы
Жаңажылдық депрессия. Одан қалай шығуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу