Ұйқысыздық неден пайда болады?

Oinet.kz 02-10-2019 9460

image.png

Ұйқының бұзылуы немесе ұйқысыздық – бұл адамдардың ұйықтай алмауы, ұйқы режимінің бұзылуы. Ұйқысыздықтың тууына әртүрлі себептер болады. Адамдардың жас шамасына қарай ұйқы бұзылуы да әртүрлі болады.

Салауатты ұйқы — денсаулық пен жақсы көңіл-күй негізі. Тұрақты ұйқысыздық пен ұйқы қашуы иммунитеттің төмендеуіне, шаршаудың және депрессияның жоғарылуына әкеледі.

Ұйқысыздық дегеніміз не және ол қайдан пайда болады?

Ұйқысыздық - ұйқының бұзылуы, ол жеткіліксіз немесе сапасыз ұйқының нәтижесінен туындайды. Кейбір адамдар ұйқысыздықпен емес, құс ұйқысына шағымданып жатады.

Ұйқысыздықтың екі түрі бар: психикалық және неврологиялық. Ұйқысыздықтың ең жиі себебі - стресс. Статистика көрсеткендей, күйзеліске байланысты ұйқысыздық жыл бойы планетадағы барлық адамдардың төрттен бірін қамтиды.

Ал стресс әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе оның себебі - персоналаралық коммуникация болып табылады. Мәселен өзін алаңдатпан бір мәселеге қатты алаңдап, сол мәселенің төңірегінен шыға алмай джатып алады. Үлкен жүктемемен байланысты стресстер кездеседі. Тіпті ұзақ мерзімді тапсырманы орындаудыңк өзі стресс. Өмірдің әдеттегі қалпынан айнуы, жұмыс орны, оқу орнын ауыстыру немесе қаржы мәселесі де адамды түн ұйқысынан айырып, стресске шалдықтыруы мүмкін. Және, әрине, ең ауыр стресс - жақын адамдармен байланысты мәселелерден туындлайды. Отбасы жағдайының өзгеруі, отбасының жақын мүшесінің ауруы және т.б. Бұл стресс жиі ұйқының бұзылуымен бірге жүреді.

Ұйқысыздықпен қалай күресуге болады?

Көп жағдайларда ұйықтататын дәрілер нәрсе көмектеседі. Бірақ жүз пайыз тиімді болатын мұндай дәрі жоқ екенін есте сақтау керек. Жұртшылық жаңа препаратын ұсынар алдында, ол жүз пайыз жұмыс істейді емес, оның әсері плацебо әсерінен асып түсетінін дәлелдеу керек. Егер сізге нақты ұйықтауға көмектеспесе - ол сізге қолайлы емес. Шығын шығарып қажеті жоқ. Ұйқысыздықтың емі сіздің санаңызда болуы мүмкін.

Алайда, ұйқысыздықты тек химиямен емдеуге болады деп ойлауға болмайды.  Ұйқысыздықтың басты себебі психология болып табылады. Ұйқысыздықтың мұндай түрін емдеу үшін психологиялық техника қолданылады. Қазір көшбасшы когнитивті - мінез-құлық терапиясы болып табылады. Бұл гипноз емес, адамға өзін қалай дұрыс ұстайтынын түсіндіретін, психотерапияның ерекше түрі. Бұл алты аптаға созылатын күрделі, тынымсыз жұмыс.

Ұйқы қашу дегеніміз – ұзақ уақытқа жалғасатын ұйқының кедергіге ұшырауы. Ол рухани тітіркенуден болатын уақыттық ұйықтай алмауға ұқсамайды. Ұйқы бұзылу барлық адамдарда кездеседі. Қоғамдық дамуға ілесіп, тұрмыс ритмінің тездеуіне байланысты адамдар арасында ұйқы қашудың пайда болу мөлшері артып келеді. Адамдарда ұйқы қашу әр түрлі себептерге байланысты болады. Кей адамдарда психологиялық әсерлердің салдарынан бір мезет ұйқысы қашса, ал ұзақ уақыт түні бойы ұйықтай алмай, төсекте үнемі аунақшып, мазасыздансаңыз ертеңінде басыңыз зеңіп, тұла бойыңыз шаршап рухсыздансаңыз, соның салдарынан келесі күнгі қалыпты қызметіңіз бен тұрмысыңызға ықпал жетсе, бұл ұйқы бұзылу дертінің типтік белгісі екенін ескеріңіз. Ұйқы бұзылу – ұйықтай алмау, ұйқы кедергіге ұшырау, ерте оянып алу түрлерінде қайталанады. Егер ұйқы қашу бір аптаға жалғасса адам ашушаң болады, көп үрейленеді, дегбірсізденеді, зейіні шоғырланбайды. Ауыр болған жағдайда елес, қисынсыз қиял секілді психиканың бұзылуы пайда болады. Сонымен қатар, ориентациялы кедергіге ұшырап, тепе-теңдігі бұзылады.

Ұйқысыздықтың түрлері.

Ұйқы қашу бір мезеттік, қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық болып үшке бөлінеді. Бір мезеттік ұйқы қашу. Мұндай ұйқы қашу бірнеше күнге ғана жалғасады. Бұл жағдай көбінде оқушылар мен студенттер арасында емтиханға дайындық алдында пайда болса, жалпы адамдар үшін ұзақ сапарға шығар алдындағы көңілкүйдегі тұрақсыздық әсерінен немесе білгілі бір қысымға ұшырау салдарынан болады. Мұндай ұйқы қашу қайталамалы ұйқы ауруына жатады. Бұл үнемі кездесетін уақыттық психологиялық әбіржу немесе  ортадағы тосын өзгеріс себептерінен болады. Егер науқастар бұл жағдайға дер кезінде көңіл бөлмесе, ұйқы ортасының өзгеруі әсерінен, кейбір жедел аурулардың салдарынан, арақ ішу, никотин секілді факторлардың ықпалымен ұйқы қашу асқына түседі. Қыртысты стероидтың кері әсері секілді кейбір дәрілер де ұйқы қашу ауруын пайда қылады. Осы типтегі ұйқы қашу дертіне шалдығушылар көп жағдайда өздерінде пайда болған ұйқы қашудың себебін жете түсінетіндіктен әрі оны дер кезінде ретке салып отыратындықтан дәрігердің көмегіне жүгіне бермейді. 

Қысқа уақыттық ұйқы қашу.

Отбасындағы немесе жұмыс орнындағы қысымның зорлығынан, үнемі кешке жұмысқа шығудан, кейбір уақыттағы парықтан болатын шаршаудан қысқа уақыттық ұйқы қашу пайда болады. Үлкен науқастан алғаш сауыққан кезде оңай пайда болатын ұйқы қашу да ұйқы қашу дертінің осы түріне жатады. Бұл себептен болатын ұйқы қашу 1-3 аптаға дейін жалғасады. Қысқа аралықты ұйқы қашудың себептері бір мезеттік ұйқы қашуға қарағанда көп күрделі болады. Ол жанашырларының дүниеден өтуі, көңіл-күй жағынан ауыр соққыға ұшырау және кейбір дерттердің әсерінен болады. Бұдан сырт, некелесу, некеден ажырасу, қоныс аудару жағдайлары да осы дертті пайда қылатын басты себептер. Жалпы, қысқа уақыттық ұйқы қашуды емдеу көп қиындық әкелмейді. Науқастардың көбі уақыттың өтуіне байланысты көңілкүйдің қалыпқа түсуіне орай дертінен айығып жатса, кейбір науқастарды қажетті дәрі-дәрмектер арқылы емдеп жазуға болады.

Спирт пен дәріні көп ішу, кәрілік, биологиялық жақтан ретке салынудың кедергіге ұшырауы, сондай-ақ, денедегі аурулар мен ойсоқтылық науқасты айларға созылған ұйқы қашу дертіне алып келеді. Әдетте, жүрек қантамыры қызметінің қалыпсыздығы, қалқанша без қызметінің артуы, демікпе, паркинсон күрделі белгілері секілді денелік факторлар мен рухани факторлардың бәрі осы типтегі ұйқы қашуды пайда қылады. Бұдан сырт, ұзақ уақыт ұйқы қашу, кейбір дәрілерді ұзақ уақыт ішуден де болады. Қамығу мен көңіл-күйді тұрақты ұстай алмау – ұзақ уақыттық ұйқы қашуды асқындыратын басты себеп болып табылады. Ұйқы қашуды емдеген кезде науқастың психологиялық жетілу тарихын түбегейлі тексеру және білу, созылмалы ұйқы қашуға диагноз қоюға әрі оның ауруының негізіне қарай отырып, нысаналы түрде емдеуге пайдалы.

Ұйқы қашуды пайда қылатын себептер мен факторлар өте көп. 

Нейробика жаттығулары
Жүкті әйелдердегі ұйқы бұзылушылық себептері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу