Таңертең 4-те оянсаңыз
Бұл тақырып ешкімді қызықтыра қоймасы анық. Десе де 4-те тұрған адамдар қалай өмір сүреді екен, жалпы ондай өмір мүмкін бе?
Бәріміздің бірдей бір күнімізде 24 сағат бар. Алайда ол сағаттың қаншасын, қай кезін ұйқыға, қаншасын жұмысқа, қаншасын өзімізге бөлетінімді жоспарлайтын тағы өзіміз.
Мәселен мен күніне 20 мақала жазғым келеді, тіл үйренгім келеді, досыммен кездескім келеді, әлеуметтік желіде отырғым келеді, өлең айқым, би билегім, тамақ жасағым келеді. Алайда ауыр жұмыс күнінен қоғамдық көлікпен оралатын менің жаныма демеу болар тек кереуетім мен жұмсақ жастығым. Ал уақытты созу мүмкін бе? Мүмкін емес, алайда дұрысынан қолдануға әбден болады.
Ерте тұру сізді табысқа жетелейді.
Иә, сіз оны бұрыннан білесіз. Алайда неге екені белгісіз, сіздің қолыңыздан келмей-ақ қойды. Күнде ерте оянуды ертеңге ысыру, сізді еріншектің екеуі етеді. Ал ерте оянған, жұмысын ерте бастаған адамдар бақытқа да байлыққа да біраз ертерек кенеледі. Ерт е жатып ерте оянған адамдар креативті, көңілді келеді. Әрі ерте ояну сіздің өзіңізге деген махаббатыңыз. Ерте тұрып сіз өзіңізге біраз уақыт бөле аласыз. Жаттығу жасап, сүйікті кофеңізді ішіп, сергек жүру үшін салқын душ қабылдауға да уақыт жетеді.
Деніңіз сау болады.
Шектен тыс ұйқы семіздікке, тері проблемаларына, бас ауруына жетелейді. Ал денсаулығының жақсы болатын себебі толыққанды тамақтанып, біршама қимылдауына мүмкіндік ашылады. Зерттеушілер ерте тұрған адамдар, оятқышты өшіріп тастап ұйықтайтын еріншект ерге қарағанда стрессті басынан аз кешіретін кқрінеді. Соныдқтан режиміңізді тағы бір рет қарап шыққаныңыз жөн.