Смартфонға тәуелділіктен қалай құтыламыз?
Қазір сматрфонсыз өмір жоқ. Таңертең көзімізді аша саласымен қолымызға ұстайтынымыз телефон. Таңғы аста тағы да шұқшиып отырамыз, автобуста да ұялы сымтетіктен көз алмаймыз, жұмысқа келгесін де телефонды кешке дейін кем дегенде он рет «ақтарып», арасында бір күліп, бір жылап аламыз. Жұмыста әбден шаршаған көз бен қолға үйге келгесін де тыныштық жоқ. Тағы да сол смартфон. Ол тіпті адамдардың түн ұйқысын ұрлайтын болды. Жастыққа жантая кетсек болды қолымыз тағы да телефоннан талады. Қолдың талғаны ештеңе емес қой, қараңғы бөлмеде жап-жарық, кішкентай құрылғының ішіндегі майда жазу мен көріністерді, шимай-шатпақ сызықтарды көруге, оқуға көз жарықтықты келіп мәжбүрлейміз. Одан қала берді күйбең бірліктен шаршаған миды да ары-бері қозғаймыз. Смартфонды құшақтап жатпасақ, біреу бізге өкпелейтіндей боламыз. Мұндай тәуелділіктен тек өзіміз ғана зардап шегетінімізді әсте, біліп тұрсақ та арылғымыз келмейді. Сматрфонға тәуелділік бос уақытыңды зая кетіру ғана емес денсаулығыңа сызат түсіру деге сөз. Телефон алдымен көз жанарыңа зиян.
Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтып дабыл қағып жатыр. Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қарңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы екен. Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонды неғұрлым азырақ қолдануға кеңес беріпті. Тек қараңғыда емес күнделікті өмірде смартфон қолдануды азайтсақ денсаулығыңызға жанашырлықпен қараған болар едіңіз. Сматрфонға кетірген алтын уақытыңызды одан да күніне бір мезгіл болса газет-журналға, кітапқа айырбастаңыз.
Жанар Көлікбаева,
Жамбыл облысы