Суррогат ана нені білуі керек?

Oinet.kz 08-08-2019 1552

Screenshot_38.jpg

Суррогат ана - баланы ұрықтандыру мен босану барысында үш адам қатысуы тиіс репродукциялық технология. Яғни, репродукция - ұрықтану мен эмбриондардың ертеден дамуының жеке немесе барлық сатылары ағзадан тыс жүзеге асырылатын белсіздікті емдеу әдісі, деген сөз. 

 1998 жылдан бастап Қазақстанда суррогат ана мәселесі қарастырылып, сол жылы "Неке және отбасы туралы" заң қабылданып, 1999жылы суррогат ананың бірінші бағдарламасы дайындалды.

" Неке және отбасы туралы" заңнамасында суррогат мәселесі: 

9-тарау. СУРРОГАТ АНА БОЛУ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ РЕПРОДУКТИВТІК

ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

54-бап. Суррогат ана болу шарты: 

  1. Суррогат ана болу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландыруға жатады.

  2. Суррогат ана болу шартының жасалуы қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған балаға ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) ата-аналық құқықтары және міндеттерінің болуын әдейі көздейді.

  3. Суррогат ана болу шартымен бір мезгілде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) тиісті қызметтер көрсететін, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасасады.

55-бап. Суррогат ана болу шартының мазмұны

    Суррогат ана болу шартында:

  1) ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) және суррогат ананың деректері;

  2) суррогат ананың күтіміне арналған материалдық шығыстарды төлеу тәртібі және шарттары;

  3) тараптардың шарт талаптары орындалмаған кездегі құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

  4) 57-баптың 1-тармағында көзделген өтемақының мөлшері және оны төлеу тәртібі;

  5) өзге де, оның ішінде төтенше оқиға жағдайлары қамтылуға тиіс.


56-бап. Суррогат анаға қойылатын талаптар:

   1. Суррогат ана болуға тілек білдірген әйел жиырмадан отыз беске дейінгі жаста, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән денсаулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы, сондай-ақ өзінің дені сау баласы болуға тиіс.

   2. Егер суррогат ана тіркелген некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайда, суррогат ана болу шартын жасасу кезінде жұбайының нотариат тәртібімен куәландырылуға тиіс жазбаша келісімі ұсынылуы қажет.

   3. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым балалы болуға тілек білдірген адамдардың өздерінің не донор банктің биоматериалдарының сол үшін пайдаланылғаны туралы толық әрі жеткілікті ақпаратпен оларды қолдану туралы қорытынды шығаруға міндетті. Қорытындының бір данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына қоса беріледі және мәміленің жасалған жері бойынша сақталады.

57-бап. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

  1. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер): суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуімен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;

  2) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;

  3) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерін ұсынуға;

  4) суррогат ананың жүктілігі, босануы кезеңінде және босанғаннан кейін елу алты күн ішінде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктілікпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпіс күн ішінде шығыстарды төлеуге міндетті.

   2. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде суррогат ана 56-баптың талаптарына сәйкес:

 1) тапсырыс берушілерге өзінің тән саулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;

 2) дәрігердің үнемі бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған емдерін қатаң сақтауға;

 3) өзімен шарт жасасқан адамдарды суррогат ана болу шартында ескерілген кезеңділігімен жүктіліктің барысы туралы хабардар етуге;

 4) туған баланы өзімен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге міндетті.

   3. Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес.

   4. Суррогат ананың тұрақты жұмысы болған кезде еңбек қызметін жалғастыру мәселесі суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі.

   5. Суррогат ана репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін суррогат ана болу шартында көзделген жүктілік үшін жауаптылықта болады және табиғи жүкті болу мүмкіндігін болғызбауға міндетті.

   6. Көп құрсақ көтеріп жүкті болу туралы мәселе суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі

Жаһандану дәуіріндегі мамандар неге қабілетті болуы керек?
Дұрыс тамақтану: басқаша көзқарас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу