Алғашқы жәрдем көрсету түрлері
Күн өту көбінесе, ыстық қапырық ауадан және күн көзінде көп жүруден,күн сәулесінің бас аймағына
тікелей әсер ету себебінен болады. Мұнда бірінші кезекте ми қан тамырларының кеңеюінен орталық
жүйке жүйесіне зақым келеді
Күн өтудің клиникалық белгілері:
- Дене температурасының жоғарлауы.
- Терінің қызаруы.
- Тер шығуының ұлғаюы.
- Тамыр соғуы және дем алысы жиілеуі.
- Бас ауруы, әлсіздік.
- Құлақ шулау.
- Жүрек айну, құсық.
- Жылудың ұзақ уақыт әсер етуі кезінде
температура 40 С-тан асуы, естен тану, тырысу
болуы мүмкін.
- Жиі терінің I және II деңгейлі күйігі болады.
Алғашқы жәрдем:
-Күн өту және ыстық өту белгілері білінгенде дереу дәрігер шақырып немесе ауырған адамды жақын маңдағы емханаға жеткізген жөн.
-Дәрігер келгенше науқасты көлеңкеге немесе салқын бөлмеге жатқызып, үстіңдегі тар киімін шешу керек.
-Басына, шүйедесіне, қолтығына мұз салынған немесе салқын су құйылған грелка қойған жөн.
-Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады; сусынды – тұзды салқын суды, салқын шайды, кофені көбірек ішкен дұрыс.
-Ыстық ұрған адамның тыныс алуын күшейту үшін салқын суға малынған сүлгімен немесе орамалмен жағынан шапалақтап ұрады, мүсәтір спиртін искетеді, оттегін жұтқызады, денесін ысқылайды.
-Дәрігер келгенге дейін бір шай қасық кордиамин, 10 проценттік кофеин ерітіндісінің екі ампуласын ішкізуге болады.
-Егер тыныс алуы қиындай түссе, қолдан дем алдыру керек.
Алғашқы жәрдем көрсетіп, зардап шегушіні ауыр жағдайдан алып шыққаннан кейін ауруханаға жаткызады.
Ескерту. Күн етудің патогенетикалық тұрғыда ыстық өтуден айырмашылығы — күн өткенде дененің қызып кетуімен бірге күн сөулесі тікелей өсер етеді (күн сөулелік қызаруы бар тері күйіктері, уытты гистомин төріздес заттар түзіледі).
Барынша сақ болатын кең таралған улар:
- Егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын у;
- ДДТ уы, линдан, қойды тоғытуда қолданылатын ерітінділер және басқа да инсектицидтер мен
өсімдік улары;
- Дәрілердің көп дозасын қабылдау да қауіпті, әсіресе құрамында темір қосындысы бар дәрілер;
- Йод езіндісі;
- Хлорлы әк;
- Сигареттер;
- Каучуктен немесе агаштан алынатын спирт;
- Улы жапырақтар, тұқымдар, жидектер мен
саңырауқұлақтар;
- Үпілмәлік (касторка) дәнектері
- Сіріңке;
- Керосин;
- Бояуларды ерітетін сұйықтар;
- Бензин, газолин, тұтатқыш қоспалар;
- Сілтілі немесе каустикапық сода
- Көп мөлшердегі тұз да жас балалар мен нәрестелер өмірі үшін қауіпті
- Бұзылған тағам
Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек:
Егер уланды деп күдіктенсеңіз, дереу мыналарды жасаңыз:
- Егер жас сәби ұйықтамай, тынышы кетсе, оны құстырып тастаңыз. тамағына сұқ саусағыңызды салыңыз немесе бір ас қасық ипекак сиропын, артынан бір стакан су ішкізіңіз, әйтпесе оған иіс сабын мен ас тұзы қосылған су ішкізіңіз (бір кесе суға 6 шай қасық тұз қосыңыз). егер қол астыңызда активтенген көмір езілген бір кесе су болса, соны беріңіз,
- Ересек адамға бұл микстурадан 2 стақан ішкізіңіз.
- Керосин, бензин не күшті қышқыл, ащы, зәрлі заттарды (сілтілерді) ішіп қойған адамды және
есінен танып жатқан адамды зорлап құстырушы болмаңыз: егер оның тынымы кетіп сабырсыздана
бастаса, оған ішіндегі уды еріту үшін көбірек су, не сүт беріңіз (жас балаға әрбір 15 минут сайын
бір стақаннан су беріп отыру керек). Зардап шеккен адам егер тоңып түршігіп жатса, үстіне көрпе жабыңыз, бірақ оны тым ыстықтатып тұмшаламаңыз. Ауыр халде жатса, онда оған дәрігерлік білікті көмек ұйымдастыру жағдайын ойластырыңыз.
- Егер зардап шегуші есін білмесе, оны басы жанына бұрылып жататындай етіп жатқызыңыз. Бұл асқазандағы заттың тыныс алу жолдарына түсуінің алдын алады. Тілі түсіп кетіп, діріл, құрысу пайда
болғанда, жақтары сіресіп, қалыпты тыныс алуға кедергі жасағанда зардап шегушінің басын абайлап шалқайтып қойыңыз. Оның төменгі жақ сүйектерін ол мұрыны арқылы дем ала алуы үшін алға және жоғары қарай қозғаңыз.
Электрлік соққы-қауіпті тоққа түсу, адам организмінде физиологиялық процестер бұзылуы және организмнің тұтас бүлінуіне әкеледі.
Электрлік соққының негізгі белгілері:
-есінен тану;
-сіңір тартылуы;
- демалу тоқтатылуы.
Электрлік соққы әсерлері:
-ашық дене жарақатын тудырады;
-организмдегі процестердің шегерілуіне немесе бұзылуына әкеліп соғады.
Алғашқы көмек көрсету ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Өйткені электр сымы соққанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді.
- Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) .
- Жүрегі, тынысы тоқтамаған болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде- борлы вазелин жағып немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды.
- Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек- дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру).
- Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу, егер ІІ-ІV дәрежедегі зақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30—40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет.
- Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. Адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген организм тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.
Жылан шаққандағы алғашқы медициналық көмек:
- Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оң серіктерінің бірі жасай алады.Ауыз қуысында жарық немесе жара болмау керек,өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Жылан уының сау ауыз кілегейіне,тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз.
- Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп,жылдам сауыға бастайды.
- Жылан шаққаннан кейін қозғалуға болмайды,өйткені қозғалыс удың қанға өтуін жеделдетеді. Жылан шаққан адам қозғалмай жатуы тиіс. Зақымдалған жерді сынған жағдайдағы сияқты қозғалтпау қажет. Бұл үшін оны тақтайшаға байлап,сыртын қатты таңып тастау қажет.
- Жылан шаққан жерді кез-келген дәрі-дәрмекпен залалсыздандырыңыз (йод, спирт).
- Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге болмайды, бұрау қою да залалды –бұның барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды.
- Зардап шегушінің жағдайын көп ішкен су жақсартады.
- Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану үшін шағатындығын әрдайым есте ұстаңыз. .